Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
28 C
Уральск
21.2 C
Аксай
Еще

    Таңдау жасауға көмек

    «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттерінің алғашқы тармақтары еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып,

    техникалық және кәсіби кадрларды дайындау, еңбек нарығында қажетті мамандықтар мен қабілеттері бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіби оқыту болып саналады. Өңірдегі жұмыссыздар деңгейін азайту, жұмыссыздарды өзін-өзі танытуға жағдай жасауға бағытталған стратегиялық құжаттың жүзеге асырылу барысын таныстыруды әрі қарай жалғастыра отырып, «Н» тілшісі білім беру және халықты жұмыспен қамту ұйымдары мекемелерінің өкілдерімен кездесті.

    Қысқа мерзімді курстар мен техникалық, тех-нологиялық және ауыл шаруашылық мамандықтары бойынша кадрларды дайындау барысын оқу процесін ұйымдастыру туралы облыстық білім басқармасының кәсіби білім және кадрларды дайындау бөлімінің басшысы Гүлжиян Жүсіпқалиева айтып берді. Қысқа мерзімді курстар аясында оқу процесі 1 айдан 6 айға дейін, ал колледждерде кадрларды дайындау оқуы 10 айдан 2 жыл 10 айға дейін созылады. Қысқа мерзімді кәсіби оқытуға біліктілігін арттыру курсттары кіреді, сондықтан оны тек жастар (жасы 29-ға дейінгілер) емес, сонымен қатар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қаты-сатын азаматтар да оқи алады. Айтып өтсек: еңбек етуге қарсы көрсеткіштері жоқ мүгедектер; 50 жастан асқан әйелдер; пробация қызметінде тіркеуде тұрған тұлғалар; жалпыға ортақ зейнеткерлік жасқа жетпей зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер (бұрын әскер қызметіндегілер, құқық қорғау органдары жүйесінің зейнеткерлері).
    Қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырумен (Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларынан өтініш қабылдау, колледждерге (Орал қаласы бойынша – 8, облыс аудандарында – 15) ұсыну үшін оларға жолдама беру) халықты жұмыспен қамту орталықтары айналысады. Жұмысшы мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқытуларды тек қана орта арнаулы оқу орындары ғана емес, сонымен қатар оқу орталықтары да өткізеді («Аспазшы» оқу орталығы» ЖШС, «Аттестациялық орталық» жеке білім беру мекемесі, «Орал оқу орталығы» ЖШС, «ЮлАнИл» ЖШС және т.б.).
    Гүлжиян Қайдарқызы атап өткендей, қысқа мерзімді курстан өтуге ниет білдірген ауыл тұрғынының таңдаған мамандығы өз ауданындағы оқу орнында болмаған жағдайда, ол өз таңдауына қарай жақын аудандағы колледжде немесе қалада оқуға мүмкіндігі бар.
    Бұған қоса, басқа елді мекеннен келген азаматтарға тұрғын үй шығындарына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем және 16759 теңге стипендия қарастырылған.
    Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сілтеме жасай отырып, Г.Жүсіпқалиева былтырғы жылы еңбек нарығында қажетті мамандықтар мен қабілеттері бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіби оқытудан облысымыздың 3 мыңнан астам тұрғыны өткендігін, ал биылғы жылы қысқа мерзімді курспен 1,5 мың адамды қамту көзделіп отырғанын хабарлады.
    Жоғарыда атап кеткендей, егер де қысқа мерзімді курстарға жолдама жұмыспен қамту орталықтарымен жүргізілсе, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушысы ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі және оның өңірлік органдары (басқармалар) техникалық және кәсіби кадрларды дайындау процесін ұйымдастырады және жетекшілік етеді. Еске сала кетейік, бұл оқу мерзімі 10 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 айды құрайды. Қазір жұмыс жасап тұрған бағдарлама бойынша ұзақ мерзімді оқудан өтуге ниет білдірушілерді жасақтаумен әр ауданда және қалада қызмет атқаратын мобильді топтар айналысады. Мобильді топтар қызметін ұйымдастыру аудан (қала) деңгейіндегі білім саласындағы жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Мобильді топ құрамына жергілікті атқарушы органдарының, жергілікті полиция қызметінің, аудандық білім беру бөлімінің, жастар ресурстық орталығының өкілдері және волонтерлар кіреді. Мобильді топ өз елді мекенінде әр түрлі жағдай себебінен сол жерде қалып қойған жастар өкілдерін анықтаумен айналысады. Яғни, мектепті аяқтағаннан кейін жоғарғы және кәсіби оқу орындарына түсе алмаған, немесе оны аяқтай алмай қалған, жұмыс жасамайтын жастар. Ол жастарға жұмысшы мамандықтарға тегін оқу мүмкіндіктері бар екендігі түсіндіріледі, сондай-ақ, мобильді топ жұмысының былтырғы жыл қорытындысына қарап айтсақ, облысымыздың жастары тегін кәсіби білім алу мүмкіндіктерін белсенді пайдалануда.
    Атап өтетін жәйт, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыстық әкімдік жанындағы комиссиясына бекітуге ұсынылатын жұмысшы мамандықтар тізімі Бағдарламаға әрбір әлеуетті қатысушының ұсынысы ескеріле отырып, жасалады. Сонымен қатар, комиссия әрбір колледждің материалдық-техникалық базасының кәсіби оқыту стандарттарына сәйкестігі бойынша мәселелерін қарастырады. Гүлжиян Жүсіпқалиеваның сөзінше, Бағдарлама аясында шамамен төрт мың адам (2017-2021 жыл аралығында жыл сайын 800 адамнан) колледждерде кәсіби дайындықпен қамтылады. Қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің жолдамасымен Бағдарламаның 800 қатысушысы 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждерде оқуға кірісіп кетті. Барлық Бағдарлама қатысушылары оқу төлемі бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, бір реттік ыссы тамақтанумен және жеңілдетілген жолақымен қамтылып отыр.
    Облыс бойынша барлығы 25 оқу орны (жоғарыда айтқандай, қалада – 8, аудандарда – 15) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтар бойынша дайындық жүргізеді. Газетіміздің келесі сандарында «Н» жастар өзінің еңбек жолын анықтауға мүмкіндік беретін, аспазшы, электр, шаштараз және тағы да басқа мамандықтар бойынша оқудан өтіп жатырған Орал қаласының колледждеріне экскурсия жасайды. Осы оқу барысында белсенді қатысушылар үшін қосымша кәсіпкерлік негіздерін оқып, өз ісін ашуға мүмкіндік бар. Біз жастардың ынтасын, қандай себептермен оқып жатырған мамандығын таңдағанын, таңдауына өкініші жоқ па екенін білеміз. Әзірге біз оқырмандарымызды Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушы мемлекеттік орган – БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аяқталған тоқсан бойынша жұмыс қорытындысын таныстырып өтеміз.
    ЖҚҮжӘБ облыстық басқармасының бас маманы Самал Темірованың хабарлауынша, ағымдағы жылда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруға 6161,8 млн теңге қарастырылған. 1 сәуірдегі жағдай бойынша Бағдарлама қатысушылары құрамына 5562 адам енгізілген, оның ішінде жастар үлесі (жасы 29-ға дейінгілер) 31,1 %, әйелдер – 53,2% және 19,2% — аз қамтылған азаматтар санатына жататындар, 2,7% — мүмкіндігі шектелген тұлғалар.
    Жыл басынан бері Бағдарлама әрекеті аясында 3290 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 2097 адам – тұрақты жұмыспен қамтылды.
    Бірінші бағыт «Бағдарлама қатысушыларды техникалық және кәсіби оқыту және қысқа мерзімді кәсіби оқыту қамтамасыз ету» бойынша атқарылып отырған жұмыстарға тоқтала кетсек, ағымдағы жылға техникалық және кәсіби білімімен кадрларды дайындауға 303,3 млн теңге бөлінді.
    Еңбек нарығынды қажетті мамандықтар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 1,5 мың адам жолдау жоспарланып отыр, өткен тоқсанда 189 адам жолданды.
    Есепті кезеңдегі халықты жұмыспен қамту мен еңбек ресуртарын мобильділігіне жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша жұмыстар (Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының үшінші бағыты) мәселесіне тоқтала кетсек, БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 1 сәуірдегі статистикалық мәліметтеріне сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындарына 519 адам жолданды. Жастар практикасына 420 адам, қоғамдық жұмыстарға – 2069 адам жолданды.
    С.Темірованың айтуынша, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,0%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 5,4%.
    Оған қоса, ол Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесі туралы ақпарат берді.
    Осылайша, ағымдағы жылда жұмыспен белсенді шаралармен 20269 адамды қамту жоспарлануда. Тоқсан қорытындысы бойынша жұмыспен қамту шараларына 5562 облыс тұрғыны тартылса, оның ішінде 13 адам мемлекеттік және салалық бағдарламалар, аумақты дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатырған жобаларға орналастырылды (жыл аяғына дейін 487 адамды қамту жоспарлануда); 189 адам кәсіби оқуға жіберілді (4371 адам жоспарлануда); 696 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді (жоспармен 770 адам қарастырылған).
    497 жас мамандар жастар практикасына жолданды (жоспар бойынша 1314 адам); 2069 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды (жоспарда 5067 адам); 14 адам микрокредит алды ( Бағдарламаның 457 қатысушысына беру жоспарлануда); 2084 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды (жыл аяғына дейін 7777 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда).
    Әңгімені аяқтай келе, С.Темірова ағымдағы жылдың 1 сәуіріне облыс бойынша 1754 жаңа жұмыс орындары, оның ішінде 1423 орын тұрақты түрде құрылғанын хабарлады.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Паводок продолжается, вода из Урала идет в Чаган

    Оперативную обстановку на брифинге в акимате сегодня, 20 апреля,...

    Рекомендуем

    Казахстанский бадминтонист примет участие в Олимпийских играх

    Дмитрий Панарин отыграл 27 турниров и набрал необходимое количество...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл