Газета «Надежда»

Несие ал да, ісіңді баста

«Н» хабарлап өткендей, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде ауыл және қалада ісін жаңа бастаған немесе жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілеріне микрокредит беру бағыты қарастырылған. Ол несие беруде жеңілдік жағдайларын, оның ішінде «Даму» қорынан кепілдік мүмкіндіктерін ұсынады. БҚО-да бұл бағыттың қалай жүзеге асып жатырғандығы туралы және қандай жобалардың қаржыландыру алғандығы туралы толығырақ біздің материалымыздан оқи аласыздар.  

Қазіргі уақытта қарқын алған, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы жұмыссыздарға, өзін – өзі жұмыспен қамтығандарға, кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге микрокредит беруге бағытталған. Айтпақшы, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін алдымен кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курсын өтіп және оқу курсын аяқтағаны туралы сертификат алуы қажет. Бағдарлама шеңберінде қатысушылар жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6% болатын жоғарғы сомасы 18 миллион теңгеге дейін 7 жылға дейінгі мерзіммен жеңілдік несие ала алады. Қаржыландыру «Даму» қоры арқылы екінші деңгейлік банктермен жүргізіледі. Негізгі қарызды өтеу бойынша несие беру мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады. Одан басқа, соңғы қарыз алушыларға жаңа тұрақты жұмыс орнын ашқан жағдайда микрокредит беріледі (кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қоспағанда). Микрокредит беру келесі кезеңдерден тұрады: үміткерлер кәсіпкерлік шаралары бойынша консультациялар алу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, одан кейін айтып өткеніміздей  кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өтеді, ары қарай үміткерлер бизнес-жобаларының жоспарын жасап микрокредит алу үшін екінші деңгейлік банктерге немесе микро қаржы ұйымдарына жолығады. Жоба қараудан өткеннен соң қаржыландырудан қолдау табады.

БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының мәліметі бойынша ағымдағы жылда республикалық бюджеттен және жалпы сипаттағы аударылымдардан қосымша қаражатты есептегенде микрокредит беруді жүзеге асыруға 852,8 млн теңге және кепілдендіруге – 36 млн теңге бөлінді. Соңғысы ЕДБ-тен  қаржыландыру алуға кепілдігі жетпеген жағдайда кәсіпкер «Даму» қоры кепілдендіруін пайдалана алады. Ісін жүргізіп тұрған кәсіпкер несие сомасынан 50%, ал кәсібін жаңа бастаушы 85 % көлемінде кепілдік ала алады. «Даму» қоры арқылы микрокредит тек қала кәсіпкерлеріне берілетіндігін ескерген жөн. Орал және Ақсай қалаларында қазіргі уақытта 4 жоба қолдау тауып қаржыланды. Соның үшеуі туралы айтатын боламыз.

Сонымен, жобалардың бірі – дәріхана ашу, оны жоба қатысушысы Любовь Кудбаева жүзеге асырады.

«Даму» қоры арқылы қаржыланған тағы да бір жоба денсаулық сақтау саласында. Жеке кәсіпкер Надира Бекбулатова Ақсай қаласында жеке УДЗ кабинетін ашты.Несие қаражатына Астана қаласындағы ресми дистрибьютерден  соңғы үлгідегі стационарлық ультрадыбыстық диагностикалық жүйесін, УДЗ принтері және кеңсе техникасын сатып алды.


Бағдарламада қатысатын банктер
:  

 «Қазақстанның халықтық банкі» АҚ БҚОФ

«Сбербанк» АҚ ЕБ

 «Банк ЦентрКредит» АҚ

 

БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының деректері бойынша екінші деңгейлік банктерімен жобаларды микрокредиттеу бойынша жұмыстар жүргізіледі, негізгі есеп бойынша 93,7 млн тенге сомасына 7 микрокредиттер берілді, 52,6 млн теңгеге 5 микрокредит беру қолдау тапты. Микрокредиттерді кепілдендіру бойынша 7 жоба 61,4 млн теңгеге мақұлданды, ұсынылған кепілдікке 13,3 млн тенге төленді.

Гауhар УМАРОВА

Exit mobile version