Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-0 C
Уральск
10.5 C
Аксай
Еще

    Кез келген талғамыңа қарай бизнес-идеялар

    «Н» БҚО-да нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы хабарлауды жалғастырады. Алдыңғы ақпараттарымызда «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде Зеленов және Теректі аудандарының тұрғындарында қандай салалардың сұранысқа ие екендігін жазып және бизнес обьектілерінде болып қайтқанбыз.
    Жуырда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша өз ісін бастауға ниет білдірушілердің оқытудың 4-ші ағыны аяқталады. «Н» ауылдық жаңа бастаушы кәсіпкерлердің қызықты қандай жаңа жобаларды ұсынып отырғандығын анықтады.

    Естеріңе сала кетсек, «Бастау Бизнес» облысымыздың бес ауданында Зеленов, Теректі, Жаңақала, Казталов және Ақжайықта жүзеге асырылуда. «Н» жобаның шарттары мен басқа да ақпаратты хабарымыздың алдыңғы сандарында жазып өткен болатын. Қазір арнайы оқытылған бизнес-тренерлердің қол-дауымен бастап, дамытып жатқан нақты жобаларға тоқтап өтсек деп едік.
    Сонымен, Зеленов ауданының бастаушы кәсіпкерлері көбірек белсенділік танытуда. Мұнда бизнес-тренер Қуанышбек Ерниязовтың деректері бойынша 10 сәуірден 3 тамызға дейіңгі аралықта оқудың 3 ағынында 93 адам оқытылды. 1-ші ағында 35 адам оқытылды, оның 24-і өз жобаларын қорғап шықты, оның ішінен 18 қатысушысы 57,6 млн.теңге сомасына қаржыландырылды. Жобалар ірі қара мал өсіру және бордақылау, қой өсіру, сондай-ақ, киім дүкені, ассенизаторлық салада бизнес, күнбағыс майын өндіру бойынша цех.
    2-ші ағында 32 адам оқытылды, 24-і өз жобаларын қорғап, оның 16-сы 45,8 млн. теңге сомасында қаржыландыруға ие болды. Мұнда да ірі қара мал шаруашылығы және бордақылау, қой шаруашылығы, ассенизаторлық салада бизнес, балалар дәмханасы, сән үйі және ағаш өңдеу цехы бар.
    3-ші ағында 26 адам оқытылып, 24-і жобаларын қорғады, оның 10 қатысушысы 26,9 млн.теңге сомасына қаржыландырылды. Бұл қаражат шошқа шаруашылығы, тігін ательесі, сән үйі, автокөліктер жуу, монша салу, жолаушылар және жүк тасымалдау сияқты жобаларға жұмсалады.
    Сонымен қатар, 1-3 ағынның ішінен 4 адам қаржыландыруға құжаттар рәсімдеу үстінде. 11 адам өз қаражатына ауылда микробизнес ұйымдастырды. 7 адам оқудан соң бала бақшаға, прокуратураға, құрылыс компаниясына, мұнай компаниясына жұмысқа орналасты.
    3 тамыздан 7 қыркүйекке дейін жүретін 4-ші ағынға келер болсақ, мұнда 25 адам оқытылды, 9 бизнес-жоба бар, олар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Батыс Шаруа» шаруа қожалығынан қаржыланады деп жоспарланып отыр.

    Төменде Зеленов ауданы бойынша 4-ші ағынның жобаларының тізімі ұсынылады:

    Маржан АЙТЖАНОВА – Ірі қара мал шаруашылығын бордақылау (бұқаларды
    сатып алу және бордақылау)
    Бекжан АҚЫЛДАСОВ – дәмхана құрылысы
    Сергей ГОРЛОВ – құлпынай және көкіністер өсіру үшін жылыжай құрылысы
    Людмила ЕЖОВА – жүк тасымалдау
    Арман ЗИЯХМЕТОВ – Ірі қара мал шаруашылығын бордақылау
    Гулайим ИЛЬЯСОВА – Ірі қара мал шаруашылығын бордақылау
    Марина ЛЕБЕДЕВА –
    Ірі қара мал шаруашылығын бордақылау
    Наталья НЕДЕЛЬКИНА –
    Ірі қара мал шаруашылығын бордақылау
    Райгуль ТАШИМОВА –
    кондитерлік цех

    Зеленов ауданы бойынша бизнес-тренер Қуанышбек Ерниязов «Бастау Бизнес» жобасының қатысушыларына кеңес беруде. //

    Ақжайық ауданында оқу шеңберінде 4 ші ағынға 25 адам қатысты, оның 9 қатысушысы жобасын қорғамақ. Барлық бизнес-жобалар мал шаруашлығына бағытталған, нақтырақ айтсақ, ірі қара мал шаруашылығын бордақылау және өсіру. Осы аудан бойынша бизнес-тренер Әсемгүл Қадырханның айтуы бойынша, қазіргі уақытта тыңдаушылар бизнес-жобаларын жазу бойынша жұмыстануда және өз жобаларын 7 қыркүйек күні өтетін облыстық комиссияның алдында қорғауға дайындалуда. Қорғауға дайындық алды көпшілік алдында сөйлеу және шешендік өнер дағдыларына оқытуға мини-курстар қарастырады.
    Сонымен қатарласа, «Бизнес Бастау» бойынша 5-ші ағынын қабылдау жүріп жатыр, мұнда шалғайда орналасқан әлеуетті кәсіпкерлерді қабылдау деңгейінің төмендігін ескере отырып, оқыту Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында жүретін болады.
    Қазіргі уақытта, бесінші ағынға қатысуға тілек білдіру-шілер саны 88 адамды құрайды.
    -Кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсына қатысу үшін тілек білдірушілер әңгімелесуден және кәсіпкерлік қабілеттерін анықтайтын арнайы психологиялық тесттен өту қажет. Бесінші ағынның бастауы 11 қырқүйектен басталады,- деп атап өтті Әсемгүл Қадырхан.

    Ақжайық ауданының тұрғындары кәсіпкерлік негіздері бойынша курсында.//

    Төменде 3-ші ағынның жобаларының тізімі ұсынылады.

    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1-3 ағындардың Ақжайық ауданы бойынша жиынтық ақпараты ( 29.08.2017 ж. бойынша):
    86 тыңдаушылардың ішінен 53-і «Курсты аяқтау туралы» сертификат, ал 33-і «Курсқа қатысқандығы туралы» сертификат алды.

    Теректі ауданында 3 ағынның қорытындысы бойынша 101 адам оқыды. Олардың ішінен ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 5 адам несие алды, екі ұсыныс мақұлданды, қорда қарастырылып жатқаны – 1 ұсыныс.
    МҚО арқылы қаржылан-дыруды 5 адам алса, 1 адам мақұлданды.
    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша қатысушыларды мал шаруашылығынан басқа өзге де қызмет салаларында несиелендіру үшін «Бизнес – өңірлер» бағдарламасы бойынша қаржыландыру күтілуде.
    Бүгінгі таңда, құрамында 42 адамнан жиналған 4-ші ағынның оқытылуы аяқталып жатыр, жартысына жуығында бизнес-идеялары бар және өз кәсіптерін ашқысы келеді.
    -Біз оларға бизнес-жобаларды жазуға көмектесеміз. 6 жоба мал шаруашылығы саласында, біреуі Пойма ауылында балалар бақшасын ашу жобасы, 2 жоба жылыжай құрылысына арналған және тағы басқалары бар,-деп хабарлады Зухра Идгеева. – Бала бақшасын ашу туралы жобаға арнайы тоқталып кетсек деп едім, бұл жобаны Пойма ауылының тұрғыны Нығмет Бармаков жүзеге асыруда. Бұл саланы ол жайдан таңдаған жоқ, оның жұбайы мемлекеттік бала бақшада меңгеруші болып қызмет жасайды, осы отбасыға ауылдық аймақтың әкімдігі жеке бала бақша ашу туралы ұсыныс жасаған, 50 сотық жер телімін құрылысқа бөліп берген. Бармаковтар отбасы осы жылы барлық рұқсат етілетін қағаздарын дайындайды, алайда бала бақшаның құрылысы 2018 жылдың наурызында басталады және сол жылдың күзіне дейін аяқтау жоспарланып отыр. Біздің жасалған бизнес жобамызға сәйкес жобаны іске қосу үшін 50 млн. теңге қаражат қажет. Бала бақшаға арналған жай құрылысы жоспарлануда. Бұл екі қабатты, алаңы 600 шаршы метр құрайтын бала бақша болады. Осы мақсаты орындау үшін Ақсуат ауылдық округінің әкімдігімен 50сотық жер телімі бөлінген болатын. Ғимаратты керамзитоблоктан жасаку жоспарда. Бала бақша 100 орынға жоспарланған, 25 баладан 4 топты құрамақ. Жұмысқа 20 жұмысшыны алу жоспарланып отыр.

    Жаңақала ауданында БҚО кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалы арқылы «Бастау Бизнес» және «Бастау –Кеңесші» бағдарламалары арқылы үш ағында 97 адам оқытылып, сертификаттарға ие болды. Аудандық жұмыспен қамту орталығынан 22 адам «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚОФ –нан кредит алуға жолдама алды.
    Аудан бойынша барлығы аталмыш бағдарлама бойынша 2017 жылға 143,4 млн. теңге, оның ішінде 84,8 млн. теңге АҚ филиалы арқылы (игерілгені 60,4 млн.) , ал 59,1 млн теңге «Агрокредиттік корпорация» АҚ филиалы арқылы (қаражат игерілу сатысында) бөлінді.
    Оның үстіне «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚОФ арқылы «Береке» бағдарламасы бойынша 92,45 млн теңге және «Жаңақала-Несие» ЖШС арқылы 57,8 млн теңге алынды.

    Қатысушылардың бизнес көзіне алып отырған негізгі бағыты — ірі қара мал өсіру және бордақылау.//

    Назарға:

    БҚО бойынша «Даму» Қоры филиалы арқылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарлама бойынша бүгінгі таңда дәріхана бойынша жоба іске асып жатыр. Қарыз алушы «Кудбаева Любовь Курмангалиевна» ЖК болып табылады. Ол қазірдің өзінде «Сбербанк» АҚ – нан мақылдану алып, енді жобасы қаржыланады.
    -Клиент бизнеспен 2016 жылдан бастап айналыса бастаған (дәріханаға ғимаратты жалға алу арқылы). Осы жерде бір жылға жуық жұмыс жасап, бизнес-вумен ары қарай сатып алу мүмкіндігін қарастыра отырып жалға орын іздеген. Жайлы орынды тапқаннан соң, жалға алып, ғимаратты сатып алуға келісімшарт жасасқан. Қазіргі уақытта ЖК банктен мақұлдау алды. Өйткені, кепілге мүлкі жетпеген, ол кепілдік бағдарламасы мүмкіндігін пайдаланды. Бұл кепілдікке қатысты мәселені шешіп, қолжетімді несие алуға көмектесті,-деп хабарлады «Н»-ға БҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» өңірлік филиалының құзіретін көтеру бағдарламалары бойынша бас менеджер Ренат ҚҰСМАНОВ.

    Гауhар УМАРОВА


     
    Предыдущая статьяЗемлю из тени на свет
    Следующая статьяНелегалам выписали «стоп»
    Аватар
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    В ЗКО готовятся к весенним полевым работам

    В этом году посевная площадь всех сельскохозяйственных культур составит...

    Партия «АMANAT» в ЗКО оказывает помощь семьям, пострадавшим от паводка

    За короткий промежуток времени, благодаря неравнодушным депутатам областного, городского...

    Рекомендуем

    432 жилых дома затопило в ЗКО

    Самая сложная ситуация сложилась в Сырымском и Каратобинском районах. Оксана...

    Три эвакуационных пункта открыты в Уральске

    На случай возникновения чрезвычайной ситуации пострадавшие от наводнения смогут...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл