Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
20 C
Уральск
11 C
Аксай
Еще

    Ауылды жандандыратын «Бастау Бизнес» жобасы

    Жуырда БҚО кәсіпкерлер палатасында «Бастау Бизнес» бағыты бойынша жобаларды қорғау өтті. Зеленов және Теректі аудандарының қатысушылары «Атамекен» филиалының базасында бизнес-жобаларын таныстырса, ақжайықтылық, жаңғалалық және қазталовтықтар дәстүрге айналғандай онлайн тәртіпте қатысты. БҚО КП шарасында «Н» тілшісі де болып қайтты.

    Алдымен, оқырман-дарымызға Зеленов ауданының қатысушыларының бизнес-жобаларын танысытырып өтейік. Шарада аталып өткендей 3 тамыздан 7 қыркүйекке дейіңгі оқудың 4 ағынында 25 зеленовтықтар оқыды. Осы қатысушылардың ішінен 9 бизнес-жобалар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Батыс шаруа» КС арқылы қаржылануға ұсынылатын болады.
    Сонымен, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыған Қаражар ауылының тұрғыны Маржан АЙТЖАНОВА ірі қара мал бордақылаумен айналыспақшы. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 бағдарламасымен қарыз алушы жылына 6 пайыздық жеңілдікпен 78 айға дейіңгі мерзімге 1400000 теңге алатын болады. Алынған қаражатты ІҚМ алуға және мал бордақылауға жолдайды.
    Болашақ кәсіпкердің айтуынша қазіргі таңда мал шаруашылығына деген сұраныс ұсынысты да арттырады, бұл дегеніміз өнімге деген жоғары бағаны қалыптастырады. Тұтынушылардың негізгі тобы Зеленов ауданының және Орал қаласының тұрғындары болмақ. Оның үстінде көтермемен алған тауардың және оны жүзеге асырудың бағасы жоғары болып келеді. Қазақстандық еттің экспорттық әлеуетінің өсуі баға қалыптасуына өсу жағына қарай әсер ететін ел ішіндегі ұсыныстың азаюы нарықтық жағдайына алып келеді. Бұл өз кезегінде экономиканың осы саласының жоғары тамтылымдылығын тудырады, яғни тек соңғы емес, сонымен қатар аралық тауарларға бағаның жоғары болуы, кәсіпкерге жоғары кіріс пен рентабелді кәсіпорынға ие болуға мүмкіндік береді. Болжам бойынша, бұқаларды бағып-күтумен «Бастау-Бизнес» жобасының бастамашысы өзінің жанұясымен айналысса, уақыт өте келе бір жұмысшы жалдайды деп күтілуде. Осылайша, бұл жобаны жүзеге асыру барысында ауылдық жерлерде жұмыс орнын ашып, Зеленов ауданының бюджетін қосымша түсіммен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар ірі қара малы басының артуына септігін тигізеді.
    Қазіргі уақытта М.Айтжанованың шағын қосалқы шаруашылығы бар және оны кеңейтуді жоспарлайтындығын атап өту керек. Ауылдық елді мекенде үйдің және шаруа құрылыстарының бар болуы оған ІҚМ-ды бордақылауға ұстауына жағдай туғызады және мал басын көбейтуге септігін тигізеді. Қарызға алған қаражатқа жеті бас бұқаларды бордақылауға алуды жоспарлап отыр. Алынатын бұқалар 9-24 айлық жасты құрайтын болады, орташа тірі салмағы — 320 кг. Есеп бойынша бордақылау кезеңі 90 күннен 240 күнге дейінгі аралықты құрайды. ІҚМ сатып алуға 1190 мың теңге бөлу, 2017 жылда бір бас ірі қара малға 170 мың теңге және қалған жылдарда да 170 мың теңгеден жұмсалады деп жоспарланып отыр. Бордақылауға ірі қара мал жергілікті мекеннен сатып алынатын болады.
    Кәсіпкер ауа райының қолайлы жағдайын ескере отырып, ІҚМ ұстау үлкен шығындарға апармайды деп есептейді. Табиғи — ауа райы жағдайы ірі қара малды құрамы құнарлы жасыл азықпен қамтамасыз ететін болады, бұл өз алдына соңғы өнім – сапалы ет береді.
    Тағы бір қызықты жобаны Зеленов ауданының тағы бір тұрғыны, «Бастау Бизнес» бойынша төртінші ағынның қатысушысы Сергей ГОРЛОВ таныстырып өтті. Ол Махамбет ауылында құлпынай өсіру үшін жылыжай салуды қолға алмақшы.
    Жобада 120 шаршы метр аумағында жылыжай жағдайында жидек отырғызып, өсіру ұсынылады. Сату нарығында құлпынай маусымдық болып саналады, осыны ескере отырып жоба ұсынушысы құлпынайды жыл бойына өсіруді көздеуде. Кәсіпкер жидекті БҚО-да сатуды жоспарлау-да. Жобаны жүзеге асыру өз қаражаты және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен қарастырылған қаржы есебімен іске асады.
    — Ашық топырақта өсірілетін өсімдіктің биіктігі 25-30 см жетеді,-деп бастады С.Горлов. — Құлпынай мұрттары арқылы көбейеді. Бұл жидекте, яғни құлпынайдың құрамы 20 пайызға дейін С дәруменінен тұрады. Мысалға, 100 грамм құлпынайда бұл дәруменнің күндік нормасынан асады және ол тек қара қарақаттың құрамындағы мөлшерден ғана кем. Атап өтсек, бес құлпынай жидегінде бір ірі апельсин құрамындағы С дәруменімен тең. Қолайлы жағдай туғызғанда маусымда бір шаршы метр жерден 25-32 кг жидек алуға болады. Өсімдік жылылыққа жоғары талаппен ерекшеленеді, әсіресе гүлдену уақытында, ал, жеміс беру уакытында құлпынай көп мөлшерде ылғалдылық пен жылулықты қажет етеді.
    Кәсіпкердің айтуы бо-йынша, шырынды құлпынай – бұл жаздағы ең керемет ұсынылатын дәм, оның хош иісі косметика саласында кеңінен қолданылады. Құлпынайдың калориялылығы 100 грамм өнімге 30 ккал құрайды. Ол жоғары өнімді сұрыптарының ішінен «Флорина», «Рюиго», «Эверест тауы», «Еліктіру» (Искушение), «Сахалиндік» және т.б. атап өтті.
    — Өсімдіктің қалыпты дамуы және өсуі үшін жарық беру тәртібін сақтау қажет,- деп түсінік беріп өтті Сергей Викторович. Жарыққа бейтарап сұрыптары үшін де жарық қажет. Құлпынайдың қанша уақыттан кейін гүлденіп жидегінің қалыптасуы күннің ұзақтығына байланысты. Атап өтетін маңызды жайт, ресейлік өндірушілердің егу материалы өздігінен тозаңданады, бұл жәндіктермен тозаңдану мәселесінен құтқарады.
    С.Горловтың ойынша, жидектің эстетикалық түрі, оның хош иісі бұл өнімді сату нарығында ерекшелендіреді. Бұл азамат «Елизавета» және «Искушение» сұрыптарын өсіруді жоспарлауда. Оның сөзінше, жидек өте жақсы дәмдік сапасына ие болады, бұл өз алдына құлпынайды алыс қашықтыққа тасымалдауға мүмкіндік береді.
    — Бұл жылы жергілікті сату орындарында 1 кг құлпынайдың орташа бағасы 1000 теңгеге дейін жетті, — деп атап өтті С.Горлов. Бұл өнімдер негізінен, сая-жай телімдерінен болды, сондықтан сату орындарында жеткізушілер тұрақты түрде шықпайды, осыны ескере отырып, бізбен бұл өнімді жеткізу жүйелендіріледі. Ары қарай бағалық саясат жалпыға белгілі кретерийлер бо-йынша қарастырылатын болады. Бағаны анықтау барысында төлемдер түрі, сатуға шығатын өнімнің көлемі көтерме сатып алушылармен әлеуметтік сатып алушылардың тұрғылықты мекені ескеріледі. Үлкен жеңілдіктер ауданның бала-бақшалары мен мектептері сияқты жабық білім мекемелеріне қарастырылатын болады.
    Кәсіпкердің айтуы бойынша құлпынайды сату аса көп еңбекті талап етпейді, себебі, жылыжай шағын аумаққа жоспарланған, яғни жидектер көлемі шектеулі болады. Өнімнің негізгі бөлігі кәсіпкердің Ақтау қаласындағы азық-түлік сатып алумен айналысатын сауда нүктелері бар танысы арқылы сатылу жоспарлан-уда. Сонымен қатар, Орал қаласының мейрамхана және дәмханаларында сату жос-парлануда. Жеке кәсіпкер С.Горлов жерді жалға алмайды. Арыз беруші жылыжайды өзінің бос аумағы бар жеке үйінің ауласында орналастыруды көздеп отыр. Сумен және электр-мен қамту өз қаражатынан жүргізіледі. Кәсіпкер жылыжайды екі жағы да құламалы шатырмен жасап, кейін жаңа мөлдір материал – поликарбонатпен екі қат етіп жауып тастамақшы, осылайша ауа тығырығын қалыптастырмақшы.
    Горловтың жылыжайының технологиялық жабдықталуы қарапайым, арнайы күтетін маманның оқып келуін қажет етпейді. Осылайша, жоспардың негізгі талаптарына жылыжай орнын салып алу, жылумен, жарықпен, ауа алмастыруымен, тамшылата суару және бақылау жүйесімен жабдықтау кіреді. Құлпынайларды отырғызылған алаңын 2,5 есеге арттыратын голландық технология бойынша еккен-ен кейін суару, тыңайту, жылулық және ылғалдылық режимін қарау сияқты қарапайым агротехникалық шаралары жүріп отырады.
    Дарьинск ауылының тұрғыны Марина ЛЕБЕДЕВА ірі қара малды бордақылау және ары қарай мал шаруашылығы өнімдерін алып, іске асыру бойынша жобасын таныстырды. Айта кету керек, бұл сияқты жобалар ауылдық жерлерде кеңінен таралған және нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың ішіне кіретін «Бастау Бизнес» бағыты бойынша ауылдықтардың ауыл шаруашылығымен айналысуына үлкен мүмкіндік тудырып отыр. Қарыз алушы ІҚМ және азығын алу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ –нан 78 айға дейінгі мерзіммен жылына 6% -дық есеппен кредитке 3000000 теңге алғалы отыр.
    Бұқаларды күтетін және бордақылау бастаушы кәсіпкер өзі болады, кейін жұмысшы алады деп көзделіп отыр. Қазіргі уақытта Марина Лебедеваның өзінің қосалқы шаруашылығы бар екендігін және оны кеңейткісі келетіндігін айтып өтейік. Мемлекеттік қолдау арқылы қарызға алуға үміттеніп отырған қаражатқа азаматша 15 бұқа алуды жоспарлап отыр. Оларды бордақылау кезеңі 90 күннен 240 күнге дейінгі аралық. Тәуліктік салмақ өсімінде еттің көрсеткіші 0,7 кг алуға болады. Ал бордақылау кезеңі бойына салмақ өсімі 168 кг құрайды. Жергілікті мекеннен ІҚМ сатып алуға 2550 мың теңге қаражат жұмсауға, осы жылы бір басқа 170 мың теңге және кейінгі жылдары да 170 мың теңге жұмсау жоспарлануда.
    Трекино ауылының тұрғыны Арман ЗИЯХМЕТОВ те осыған ұқсас ірі қара мал өсіру бойынша жобасын ұсынды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы ол 4000000 теңге көлемінде 6% жеңілдікпен 78 айға дейінгі мерзіммен несие алғалы отыр. Кәсіпкер малды кейіннен Орал және Зеленов ауданының тұрғындарына етпен қамтамасыз етуі үшін өсіргісі келіп отыр. А.Зияхметов алғашында малды өзі бағып өсіреді, кейіннен ол да бір жұмысшыны қасына алады. ІҚМ ұстап тұру үшін азық шығыны 50 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, болашақ кәсіпкер алдағы уақытта жетпей қалған жағдайда қаражатты өзінен толтыруға да шамасы бар екендігін білдірді, себебі құс және мал шаруашылығынан қосымша табыс түсіп тұрады.
    ІҚМ бордақылау саласында Мичурин ауылының тұрғыны Райгүл ТАШИМОВА да айналысуды алға қойып отыр. Сұрап отырған қаражаты 4000000 теңге 6 % жеңілдікпен жылына, сол өтеуі 78 айға дейінгі мерзіммен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша.
    Қазіргі уақытта Райгүл Уәлиханованың шағын қосалқы шаруашылығы бар. Алынатын бұқалар саны — 19, тірі орташа салмағы — 320 кг, 9-24 айлық мал. Есебі бойынша бордақылау кезеңінде өсім салмағы 168 кг құрайтын болады. Бордақылаудан өткен бір малдың тірі салмағы іске асыру барысында 488 кг құрайды. ІҚМ сатып алуға 3230 мың теңге, 170 мың теңге бір басқа. Малды сатып алуды қырқүйек айында бастауды жоспарлап отыр. Қаражат жайынан қазіргі беріліп отырған мүмкіндіктер арқасында мал басын кеңейту мүмкіндігі болса, ал сойып сатқанда бір килограммына 1300-1600 теңгеге сатып жүзеге асырғанда кіріс 7 пайыздан 23 % артады деп отыр. Сондай-ақ болашақта қажет болған жағдайда кәсіпкер өз қаражатын кәсібіне салу мүмкіндігі бар екендігін айтып өтті.
    Калинин ауылында дәмхана салу бойынша бизнес-жоба Бекжан АҚЫЛДАСОВ таныстырды. Кәсіпкер алдыңғы «Бизнес Бастау» жобасының қатысушылары секілді ісін бастау үшін 2900000 теңге алуды жоспарлап отыр (ол құрылыс материалдарын алуға және ғимаратын кеңейту үшін). Переметное ауылының аймағында мерекелік шаралар өткізетін орынның болмауына байланысты 60 адам сыйымдылығмен дәмхана салу көзделіп, нарық жағдайы бұл саланың да дамуына үлкен мүмкіндік тудырып отыр.
    Б.Ақылдасовтың мәліметтері бойынша банкет залы форматында ашылған дәмхана үлкен сұранысқа ие болатын болады. Жоғары сапалы менеджмент, сапалы сервистік қызмет көрсету, ішкі интерьер және безендірулер бұл дәмханаға бәсекелестікке кепілдік бере алады. Сонымен қатар Б.Ақылдасов екі тұрақты және үш уақытша жұмыс орнын ұстауды жоспарлап отыр, осылайша ауылдықтардың жағдайының жақсаруына және Зеленов ауданының бюджетіне қосымша кіріс түсуіне өзіндік септігін тигізбек. Айтпақшы, дәмхана құрылысы қоршаған ортаға қандай да бір зиянын тигізбейтін болады. Тұрақты түрде және жиі уақытында қатты және сұйық қалдықтарды алып кетіп отыру арқылы қоршаған ортаға зияны айтарлықтай жойылып отырады..
    Переметное ауылының тұрғыны Гүлайым ИЛЬЯСОВА ІҚМ бордақылау бойынша материалын таныс-тырды. Ол 6% жеңілдікпен жылына берілетін несиеден 4000000 теңге қаражатты 78 айға дейінгі мерзімге берілетін жеңілдік мүмкіндігін пайдаланып алғалы отыр.
    Алдымен бордақылау және күтіп бағумен өзі айналысатын болады, кейін жаңа жұмысшы алатын болады. Жоспарында 19 бас бұқа сатып алу көзделуде, ал жобаның әлеуметтік әсері ретінде үй шаруашылығының сұранысын қол жетімді бағаға сапалы ет сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
    Красноармейск ауылының тұрғыны Наталья НЕДЕЛЬКИНА 1800000 теңге көлемінде ІҚМ сатып алу үшін жоспарлап отыр. Қарызға алған ақшаға болашақ кәсіпкер 9 бас малды сатып алуды жоспарлап отыр. Кәсібін жүзеге асыру барысында Н.Неделькина бір адамға 35 мың жалақымен жұмыс орнын беруді жос-парлап отыр.
    Дарьинск ауылының тұрғыны Людмила ЕЖОВА жүк тасымалы бойынша қызықты бизнес-жобасымен таныстырып өтті. Соңғы 5-7 жыл турасында елімізде экономикалық өсу тез болып жатырғаны және жүк техникасында сұраныстың да артқаны айтылып өтті. Экономиканың бұл саласы кеңейе бастағанын және оның өсуін бақылап отыруға болады. Жақсы дамыған көлік жүйесінің аймақтық қамсыздандыруы халықты және өндірісті тартудың факторларының бірі, өндіріс күшін орналастыру үшін басты артықшылығы болып табылады және интеграциялывқ әсер береді. Көлік өнім өндірмей, тек оның өндірісіне қатысса да көлік шығыны оның өндірістік құнына қосылады. Өнеркәсіптің кейбір салалары бойынша көлік шығыны біршама, мысалы орман, мұнай өнеркәсібінде олар 50 пайызға дейін жете алады. Көлік тасымалының бірқатар артықшылықтары бар, оның ішіне энергияның үнемді пайдалануы, жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстарының шағын көлемі, жүк тасымалының жоғары сапасы, біртұтастығы және тасымалданушы заттың түгелдігі, өндірістік аймақтың айтарлықтай үнемділігі, қызметкерлердің аз қажеттілігі және жаңа жұмыс орындарының пайда болуы кіреді. Осы жобаның іске асырылуы жүк тасымалын БҚО бойынша және оның сыртында жүзеге асыру үшін «КАМаз 5511» автокөлігін сатып алу үшін қаржы ресурстарын тартуды көздейді. Осы жобаның негізгі мақсаты жүк тасымал қызметін көрсету бойынша мекемені кеңейту болып табылады, оның жалпы құны 5250 мың теңгені құрайды. Қарызға алынатын қаражат ретінде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіп-керлік бағдарламасы бойынша кредит беру ресурстарын тарту болып табылады.
    Айтпақшы «Бизнес Бастау» бойынша оқытудың бесінші ағынына қабылдау жүріп жатыр.

    http://www.enbek.gov.kz/

    Гауhар УМАРОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Уральская спортсменка получила лицензию на Олимпиаду

    19-летняя спортсменка из Уральска Мария Бровкова в паре с...

    Чаган вновь начал расти

    Согласно гидрологическому бюллетеню, за четыре часа с 12.00 часов...

    Рекомендуем

    Казахстанский бадминтонист примет участие в Олимпийских играх

    Дмитрий Панарин отыграл 27 турниров и набрал необходимое количество...

    В Уральске, Атырау и Костанае запущены онлайн-трансляции противопаводковых мероприятий

    Как проходят противопаводковые работы можно посмотреть онлайн на сайте...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл