Газета «Надежда»

Жұмыссыздарды жинайды және барлығына үйретеді

«Бастау Бизнес» жобасы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі және бағдарламаның шеңберінде жұмыссыздарды және өзін – өзі жұмыспен қамтушыларды кәсіпкерліктің негіздеріне оқытуға есептелген.

 «Н»  бұл жобаның Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылуын білді.

БҚО кәсіпкерлер палатасының мәліметтері бойынша «Бастау Бизнес» пилотты жобасы облысымыздың бес ауданында Казталов, Жаңақала, Ақжайық, Зеленов, Теректіде іске қосылуда. Әр ауданда кәсіпкерлікпен айналысқысы келген жұмыссыздарды және өзін — өзі жұмыспен қамтып отырғандарды оқыту үшін координаторлар топталып, орындар белгіленген.  Ауыл тұрғындарымен арнайы  оқытылған  бизнес-тренерлер жұмыстануда. Жұмыс барысы бірнеше бағытта жүзеге асырылуда, оқуға қатысушыларды бизнес негіздеріне оқытып қана қоймай, оларға бизнес-жоспарды сауатты жасауға және қаржыландыру алу үшін жобаларын қорғап шығуды үйретіп көмектесуде. Мұндай дайындық курстарының әр ағымының жүзеге асуы 30 күнге созылады. Айта кету керек, қатысушыларға бастапқыда өзіндік іріктеу жүргізіледі.  Ол үшін БҚО кәсіпкерлер Палатасы ауыл тұрғындары арасында жаппай сауалнама жүргізеді. Осы сауалнаманың қорытындысы бойынша  бизнес және кәсіпкерлікке қызығушылығы мен қабілеті бар адамдар таңдалып алынады. Айтпақшы, бағдарламаның талаптары бойынша жұмыспен қамту органдарында тұрғындардың жұмыссыз деген ресми түрде  статусы барлары оқуға қатыса алады.

Зеленов ауданында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту. Бизнес- тренер Қуанышбек Ерниязов. (екінші қатардан сол жағынан үшінші).

БҚО кәсіпкерлер Палатасы атап өткеніндей, «Бастау Бизнес» жобасының ерекшелігі нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының жұмыссыздарға және өзін- өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарға жақсы мүмкіндіктер ашып отырғандығында. Жобаның мақсаты ауыл тұрғындарын осы саладағы заңнамалармен сауатты түрде таныстыру, маркетингтік стратегияны оқыту, салық салу негіздері, сондай-ақ, бизнес жүргізудің құқықтық аспектілерін түсіндіру болып табылады. Басқаша айтқанда, «Бастау Бизнес» жобасы ауылдықтарға өз істерін кеңейтуге немесе ашуға қолдауға бейімделген.

Жуырда Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен брифингте БҚО КП директоры Нұрлан КАИРШИН сөз сөйледі:

Осылайша, бизнестің мемлекеттік қолдауы шеңберінде БҚО кәсіпкерлер Палатасы осы жылы бизнес негіздеріне 930 адамды оқытуды және 180 –нен астам жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Ауылдықтарға микрокредит беруде қаржылау ынтымақты тәртіпте: облыстық бюджеттен – 300 млн. теңге және соншалықты ауыл шаруашылықты қолдау қорынан. 

 

  1. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
  2. қалада және ауылда кәсіпкерлік бастамаларға қолдау;

 

 

«Бастау Бизнес» бірнеше кезеңдерден тұрады:

Біріншісі — «Маркетинг», «Кәсіпкерлік құқық», «Бизнес есебі», «Бухгалтерлік есеп»  пәндері бойынша оқыту.

Екіншісі – ауылдықтарға бизнес-жобаларды жасауды түсіндіретін «Менеджмент жобасы» пәні бойынша оқыту. Оқу аяқталысымен қатысушылар бизнес жүргізу негіздерін игеруін және көшбасшылық қасиеттерін анықтайтын тестілеуден өтеді. Сараптаушылардан бизнес-жоба жақсы баға алған жағдайда, Өңіраралық кәсіпкерлер палатасы бұл жобаның іске асуын қолдау бойынша мәселені қарастырады.

 Ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға Батыс Қазақстан облысының филиалы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бірлесе отырып микрокредит беру мәселесі қарастырылды. Қор ауылдық жаңадан бастаушы кәсіпкердің  қандай да болмасын қолындағы жылжитын немесе жылжымайтын мүлкін кепілге алуға дайын.

 Қажетті құжаттарды жинау облыстың 12 аудандарында филиалдары бар ӨКП –ның менеджер – кеңесшілерімен жүзеге асырылады. Менеджер-кеңесшілер жобаларды кредит алғанға дейін қолдап қана қоймай, қаржылай қаражат алғаннан кейін де сүйемелдеп жүреді (серіктес іздеу, өнімді іске асыруда қолдау, салықтық және бухгалтерлік есеп жүргізу және т.б.). Сондай-ақ, мұндай кредиттеудің басты артықшылығы болып оның пайыздық мөлшерлемесінің төмендігі (6 %) және негізгі қарызды жабуда жеңілдік кезеңділігі болып табылады (12 айға дейін).

Кредит алу үшін кәсіпкерге ӨКП жанынан кәсіпкерлерді қолдау Орталығына жолығу қажет болады, менеджер – кеңесшілер кәсіпкерден келіп түскен өтінімді аудандық кәсіпкерлер Кеңесінің қарауына жібереді. Кеңестің ұсынымын алғаннан кейін жоба қорға ұсынылады, оң баға алған жағдайда кредит беріледі. Бағдарламаның шарты бойынша кредит 16 млн. теңгеге дейін жетеді.

Гауhар УМАРОВА

Exit mobile version