Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-0 C
Уральск
10.9 C
Аксай
Еще

    Жұмыстың барлығы да жақсы, тек талғамыңа қарай таңдай біл!

    Өткен жұмада Қазақ драма театрында БҚО жастар саясаты мәселесі басқармасының ұйымдастыруымен жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті.

    Бұл шараға қажетті бос орындарының тізімдерімен жұмыс берушілер, аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтарының, сондай-ақ, білім беру бөлімдерінің, «Даму» КДҚ және өңіраралық кәсіпкерлер Палаталарының өкілдері шақырылды. Жәрмеңкенің мұндай ауқымды түрде өтуі жастарға еңбек нарқымен танысып қана қоймай, жұмыспен қамтуда мемлекет тарапынан қандай қолдаулар қарастырылғандығы туралы кеңес алуға мүмкіндік берді.

    Жастар саясаты мәселесі басқармасының басшысы Аян САКОШЕВ айтып өткендей, аталмыш жәрмеңкеде 100 әртүрлі кәсіпорындар және мекемелерден, оның ішінде Орал қаласынан басқа да облыс аудандарынан 1800 -ден аса бос орындар беріліп отыр.

    — Жыл басынан бері жастарға жұмыспен қамтуда жақсы мүмкіндіктер қарастырған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы жүзеге асып келеді. Өткізіліп жатқан бос орындар жәрмеңкесі жұмыс іздеуде жәрдемдесуге арналған. Атап өтсек, биыл облысымыздың төрт ЖОО-нан 7400 қыздар және жігіттер оқуларын бітіріп шықты. 4000-нан астам түлектер білім саласында жұмыс жасауға дайын. Басқаша айтқанда, өте көп мамандар еңбек нарығына шықты, ал біздің басты мақсатымыз – мамандықтары бойынша жұмыс орындарын табуға көмектесу. БҚО бойынша қажеттірек мамандықтар қатарында математика пәні мұғалімдері, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтар және қызмет көрсету мамандықтары болып шықты.

    Шараның ұйымдастырушылары бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып қана қоймай, шараға бизнес-тренерлерді тартқан, олар өз тарапынан қыздар мен жігіттерге түйіндемені сауатты жазуды, жұмысқа орналасуда әңгімелесуден қалай сәтті өту керек екендігін, сондай-ақ, өз кәсібін қалай ашу, бизнеспен қалай айналысуға болатындығын, салық төлеу сияқты тақырыптарда семинар-тренингтер өткізіп, сонымен қатар мемлекет тарапынан қандай қолдауларға сүйене алатындары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар орталықтарының аудандық өкілдері ауылдық елді мекендерде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы айтып берді.

    -Біздің Орталыққа осы жылы 1417 адам жүгінді,- деп атап өтті Бөрлі жұмыспен қамту орталығының директоры Галия БАЙМУКАШЕВА. – Осы санның ішінен 700 ауыл тұрғындарын тұрақты жұмысқа орналастыра алдық. Жоспардағы 112 адам ішінен 70- і жастар практикасына орналастырдық, 34-і әлеуметтік жұмыс орындарына, ал 295-і қоғамдық жұмыстарға жолданды. Микрокредит беру бойынша біздің ауданға 72 млн. теңге бөлінді. Өзінің жеке кәсібін ашуға және кеңейтуге ниет білдірушілердің үшеуі кредит алды. Қысқа мерзімдік кәсіби оқыту курсына 228 адамды жұмылдыруды жоспарлап отырмыз. Курстармен оқыту оқу орталығынан 20 бала күтуші оқуларын аяқтауда, оларды балалар бақшасына орналастыруды жоспарлап отырмыз. Ақсай техникалық колледжінде аспазшылар, дәнекерлеушілер оқытылуда. Бөрлі ауылдық колледжде тракторшыларды оқытуды жоспарлап отырмыз. Бет әрлеуші, маникюрлік бойынша қысқа мерзімдік оқуға тілек білдіріп отырғандар да бар.

    Бөкейорда аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Берхайр КАРАГОЙШИННІҢ айтуы бойынша, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсына 28 млн теңге қарастырылған болатын, 117 адамды оқыту жоспарлануда. Жастар практикасы бойынша бұл ауданға 7 млн теңге бөлінген болатын. Бірінші жарты жылдықта 28 адам өтсе, шілдеде 15 адам жолдауды, тамыз айында да осы санда жолдау жоспарланып отыр.

    -Қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға бізге 127 адамға трансферт бөлінді, олар 14 мамандықтар бойынша курстар өтіп жатыр, оның ішінде жүргізушілер, тракторшылар, аспазшылар, токарьлар және тағы да басқалары,-деп хабарлады Жәнібек ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар орталығының бөлім басшысы Біржан КУАНАЛИЕВ. – 34 адам жастар практикасын өтіп жатыр. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры арқылы микрокредит беру бойынша бізде 18 адам жүгінді.

    Жаңақала ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Аслан УРАЗАЛИЕВ айтып өткендей, 143 адамды олар қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға жолдаған. Микрокредит беру бойынша 45 жоба ішінен 20 жобасы қабылданды, оның ішінде алтауы қаржыланды. Оның айтуы бойынша, жобалардың негізі мал шаруашылығы саласына арналған. Бұл ауданда 45 адам жастар практикасына жолданса, ал 75-і әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген.

    — Жыл басынан бізде 480 жаңа жұмыс орындары жоспарланды, оның 201 орны ашылып та қалды,- деп хабарлады Тасқала ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Раушан МУСАЛИМОВА. Жұмыспен қамтуда 433 адамды қамтуды жоспарлап отырмыз, оның ішінде 323-і қазіргі таңда жұмыс орындарында. Қоғамдық жұмыстарға біздің ауданда 20 млн теңге бөлінді. Бұл жұмыстарға тартылған 258 адам ішінде 48-і жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болған тұрмысы төмен отбасылары болып келеді. Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарын ұйымдасытрудамыз, қазіргі уақытта 21 адам оқытудан өтті. Шілдеде тағы да 57 адам жібереміз. Аталмыш курс бойынша оқытуға жалпы жоспарда 120 адамға есептелген. 85 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдауды жоспарлап отырмыз, оның 78-і жұмысқа орналасып та үлгерді.

    — Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерікті дамыту бағдарламасы аясында бізде көптеген жұмыстар атқарылуда,-деп түсіндіріп өтті Зеленов ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Виктор БАШТАВЕНКО. — Осы жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсы бойынша 330 адамды оқытуымыз қажет, оның 215-і қазіргі таңда курска жіберіліп те үлгерілді. Олардың қатарында кондитерлер, 1С бағдарламасы бойынша бухгалтерлер, дәнекерлеушілер, жүргізушілер, аспазшылар, бульдозер машинистері, іс жүргізушілер, тіпті бала қараушы мен үй қараушылары да бар. Қазіргі уақытта электриктер, электрмеханиктер, инженерлер сұранысқа ие қажетті мамандықтар болып отыр. Ауданымызда өз ісін бастауға 23 адам микрокредит алды. 111-ін «Бастау-бизнес» жобасы бойынша оқыттық. Оқытқан адамдарымыз кредит алулары үшін тырысамыз. Себебі, біз нәтижесіз өзін өзі қамтып отырған тұрғындар санын азайтуымыз керек қой. Біздің көзқарасымызша, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының ерекшелігі сол, ауылдықтарды жоқтықтан шығуына жол көрсетеді.

    Шыңғырлау жұмыспен қамту орталығының директоры Буранбай НҰРЖАНОВ айтып өткендей, кәсіптік — техникалық оқытуға 21 млн теңге бөлінген. Мерзімі бір айдан алты айға дейінгі аралықтардағы қысқа мерзімді оқытуларда 112 ауылдықтарды қамту жоспарланып отыр. Осы санның ішінен 67-сі қазірдің өзінде газэлектрдәнекерлеуші, аспаздық, жүргізушілік, ветсанитарлық және тағы да басқа мамандықтарға курстық оқуға жолданды.

    — Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 15 адам қаржылай қолдау Қорына 70 млн теңгеге микрокредит алуға жолданды. Төрт адам ауданымызда орналасқан кредит серіктестігіне құжаттар тапсырды. Жобалардың негізі мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде ірі мал шаруашылығына арналған.Осы жылы 80 млн теңгеден төмен емес микрокредит алуды жоспарлап отырмыз, өткен жылы бізде 60 млн теңге болған еді. Сұранымдар түсіп тұрады, біз онымен жұмыстанамыз. Осы жылы республикалық бюджеттен 25 адамға әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға 6 млн 700 мың теңге бөлінді. Одан басқа, 20 адамға жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылған болатын. Нәтижесінде 45 адам жұмысқа орналастырылды.

    Теректі ауданында қысқа мерзімді кәсіптік курсқа аудандық жұмыспен қамту директоры Асан АЖГАЛИЕВТІҢ мәлімдеуінше 24 жұмыс мамандықтары бойынша 238 адамды жолдауды жоспарлар отыр. «Бастау бизнес» жобасы бойынша 188 ауылдықтар жұмыс жасайтын болады, оның 100-і қазіргі уақытта оқытудан өтіп те үлгерді.

    -99 адамды біз әлеуметтік жұмыс орындарына жолдауды жоспарлап отырмыз. Олардың ішінен негізгілері шаруа қожалықтары. Онымен қоса, жыл басынан бері 340 адам қоғамдық ақылы жұмыстарға жолданған болатын. Микрокредит бойынша осы жылы 23 адамға 79 млн теңге жоспарда. 26 жолдаманы біз бүгінде бердік және бес адам 41 млн теңге соммасында кредит алды.

    Гауhар УМАРОВА


     
    Предыдущая статьяДеньги из розетки.
    Следующая статьяҚысқа мерзімде оқу
    Аватар
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Почти четверть триллиона тенге выделено на строительство и приобретение жилья в ЗКО

    В этом году в рамках «Концепции развития жилищно-коммунальной инфраструктуры»...

    Как государство регулирует кредитную политику банков

    «Жизнь взаймы» – практика, давно получившая широкое распространение в...

    Рекомендуем

    Для здоровья тела и духа

    Настоящий праздник йоги и медитации состоялся в стенах спортивного...

    432 жилых дома затопило в ЗКО

    Самая сложная ситуация сложилась в Сырымском и Каратобинском районах. Оксана...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл