Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
9 C
Уральск
19.8 C
Аксай
Еще

    Бағдарлама орындалуын үйлестіру

    «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасының үйлестірушісі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады, сәйкесінше оның аумақтық бөлімшелері – басқармалар – аумақта бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қалияр Айтмұхамбетов облыста жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікпен айналысуға тарту бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы айтып өтті.
    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы жұмыспен қамтуды үйлестіру және жұмыссыздар мен нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтушылар санын азайту шараларымен қамту міндеттерін жүзеге асыру үш бағытта жүргізілуде деп баяндамасын бастаған спикер бұл бағыттардың әрбіреуінің орындалу барысын да айтып өтті.
    Атап айтқанда, сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаппай оқыту және белгілі-бір дағдыларды үйрету ішінде колледж базасында тегін кәсіби техникалық білім беру бар және ол мектепті аяқтағаннан кейін әр түрлі себептермен оқу орындарына түсе алмай қалған жастарға арналған.
    Мысалға, былтырғы оқу жылында облысымыздың кәсіби-техникалық колледждеріне 800 адам жолданды, 2018-2019 оқу жылы кезеңіңде де соншама адамды оқыту жоспарланып отыр. Кәсіби техникалық білім беру мерзімі – 2,5 жыл.
    Жас ерекшелігіне қарамастан барлық оқуға ниет білдірушілермен қамтылатын қысқа мерзімді курстар аясында оқыту кәсіби-техникалық колледждер мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқу орталықтары (кәсіпорындарды тартумен) базасында жүреді.
    Қысқа мерзімді курс мерзімі – 1 айдан 6 айға дейінгі аралықта.
    Қалияр Айтмұхамбетовтың айтуынша, «Еңбек» бағдарламасы бойынша оқытудан еңбек нарығында қажетті білім мен дағдыларды алуға барлық жұмыссыздар мен нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтушылар өте алады, сонымен қатар оқытудан өтушілер стипендия, жол шығындарын өтеу, бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз ету секілді мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі. Басқа елді-мекеннен келіп оқитын қатысушыларға тұрғын үйді жалдау шығындарын өтеу қарастырылған.
    Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау бойынша облысымызда жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы ақпарат бере келе, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы жеңілдетілген несие беруге Батыс Қазақстан облысына республикалық бюджеттен 4 млрд. 293,9 млн. теңге бөлінгенін хабарлады. Бұл ақшалай қаражат 1092 облыс тұрғынына, негізінен ауыл тұрғындарына арналған.
    — Микрокредиттерді алушылар қосымша 2184 жаңа жұмыс орнын ашады, — деп спикер болжам айтты.
    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының үшінші бағытын жүзеге асыру жұмыстары – жұмыспен қамту және еңбек мобильділігін қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту туралы айта келе, Қалияр Шадиярұлы жұмыспен қамту шараларымен облыста 16 494 адам қамтылғанын жеткізді.
    Өңірлік коммуникациялар қызметінің қонағы ел экономикасына бейресми жұмыспен қамтылған халықты ресми түрде қалыптастыру және тарту бойынша Жол картасының облысымызда жүзеге асырылуы туралы ақпарат берді.
    — Осы жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) ауысу жоспарланғаны өзіңізге белгілі, бірақ көптеген тұғындардың белгілі-бір статусқа ие емес (бұлар – жалдамалы жұмысшылар; жұмыссыздар; жұмыспен қамту орталықтарында тіркелмегендер; нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтушылар), сондықтан олар бұл жүйе аясынан тыс қалуы мүмкін. Бұл ретте МӘМС жүйесіне көшу тапсырмасын орындау кезең-кезеңмен жүргізіледі, мемлекеттік органдардың деректер қоры базасында статустарды өзектендіру жұмыстары арқасында 2017 жылдың аяғында 107 426 адамның статустары анықталды (54%), — деп хабарлады Қ.Айтмұхамбетов.
    Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі таңда жыл басында статусы анықталмаған 90923 тұлғаның 38 374-і (42,4%) өзектендірілді. 52 549 тұлғаның статус анықталған жоқ (58%), оның негізгі бөлігін 30 952 тұлға немесе 59% құрайды.
    Бұл санаттағыларды атап өтсек: нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтушылар; тіркеуден өтпеген жұмыссыздар; міндетті зейнетақы жарналарынсыз жұмыс жасайтындар; үй шаруасындағы әйелдер; студенттер; еңбек мигранттары.
    «Нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтушылар» және «Тіркеуден өтпеген жұмыссыздар» санатына жататын облыс тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту бойынша жүргізілген жұмыстарға тоқталсақ, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша олардың негізгі бөлігі – 1630 адам – бос жұмыс орындарына жіберілді. Аталған санатқа жататын 732 адам – қоғамдық жұмыстарға, 509 – қысқа мерзімді курстарға, 497 – әлеуметтік жұмыс орындарына, 217 – жастар практикасына жіберілді.
    Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы сөз сөйлеуін аяқтай келе, қазіргі уақытта бейресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметін заңдастыру мәселесі бойынша ҚР заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы жасалуда екенін жеткізді. Атап айтқанда, арнайы салық тәртіптемесі – Бірыңғай жиынтық төлем енгізу ұсынылуда, оны төлеген бойда өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұлғаның қызметі автоматты түрде тіркелетін болады.
    — Оны төлегенде кәсіпкерлік немесе еңбек қызметі автоматты түрде тіркеледі, ал түскен қаржы зейнетақы қоры мен медициналық және әлеуметтік қорлар арасында бөлінеді, — деп енгізілгелі отырған жаңашылдықты түсіндіріп берді Қ.Айтмұхамбетов.
    Спикер күн тәртібінің негізгі тақырыбы – «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының облысымызда жүзеге асырылуы туралы» бойынша сөз сөйлегеннен кейін, дәстүр бойынша тілшілер сұрақтарына жауап берді.
    Осылайша, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қысқаша жұмысшы мамандықтарға жұмыссыздарды оқыту, оларды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік қызметті ашу мен дамытуға жағдай жасау жұмыстары туралы тоқталып өтті.
    Біз көктемде және жаз басында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жастар тегін оқытудан өте алатын кәсіби техникалық колледждер, соның ішінде пенитенциарлық жүйесінің мекемелері туралы айтып өтсек те, халықты жұмыспен қамту ұйымдары мен кәсіби оқу орындарының қызметін түсіндіруге кері оралатын боламыз..
    Жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасының басты мақсаттарының бірі болып табылғандықтан, осыған дейінгі шығарылымдарда біз ауылдық жердегі бизнесті дамыту туралы толық айтсақ, бүгінгі шығарылымда Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының мәліметтеріне көңіл бөлеміз.
    Сонымен, ағымдағы жылда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты аясында Орал және Ақсай қалаларында микрокредиттеуге 279,4 млн. теңге бөлінген. Кредиттік қаражат «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «АТФ Банк» АҚ, «Евразиялық банк» АҚ-мен келісім-шарты бар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на аударылды.
    Кредиттер өз ісін бастауға және дамытуға жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Ең жоғарғы сома 6500 АЕК немесе 15 632 000 теңгеден (6500 АЕК х 2 405) аспайды. Ең жоғарғы кредиттеу мерзімі – 5 жыл.
    Ағымдағы жылдың 8 айында екінші деңгейлі банктермен жалпы сомасы 616,2 млн. теңгені құрайтын 48 микрокредит берілді, оның ішінде 259,8 млн. теңге өз ісін жаңа бастап жатырған кәсіпкерлерге 20 кредит. Бағдарлама бойынша былтырғы жылы 852,8 млн. теңге бөлінді, оның 315,5 млн. теңге көлемінде микрокредиттер берілді, екінші деңгейлі банктермен игерілмей қалған 537,3 млн. теңге ағымдағы жылдың өткен кезеңінде берілді.
    Қарыз ақша кәсіпкерлерге сауда, қызмет көрсету, өңдеу өндірісі саласын дамытуға берілді.
    — Кепіл мүлкінің құны жетпеген жағдайда кәсіпкерлерге микрокредиттерді кепілдендіруді пайдалануға мүмкіндігі бар. Орал және Ақсай қалаларына микрокредиттерді кепілдендіруге 2018 жылы бюджеттен 66 млн. теңге бөлінді. Жалпы сомасы 166,5 млн. теңгені құрайтын микрокредитті кепілдендіруге 22 кепіл шығарылды, — деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Пик паводка в Уральске пройден

    Максимальный уровень на гидропосту г. Уральска зафиксирован на отметке...

    С начала паводка в ЗКО произошло 136 переливов и размывов на 58 автодорогах

    В настоящее время ведутся восстановительные работы. Об этом на...

    Рекомендуем

    Затягиваем пояса

    На прошлой неделе Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на встрече...

    Венский бал в Уральске

    Уже второй год подряд в нашем городе проводится это...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл