Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-0 C
Уральск
15.7 C
Аксай
Еще

    Теректіліктердің бизнес бастамалары

    Теректі ауданында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік дағдыларға оқытудың ұйымдастырылып жатырғанына биыл екінші жыл, бұл әрине, тұрғындар арасында кәсіпкерлік әлеуеттің ашылуына мүмкіндік беретіні сөзсіз.
    Ауыл тұрғындарын өз істерін ашуға ынталандыруды жүзеге асыру тек оқытатын тренерлермен ғана шектеліп қалмайды. Кәсібін жаңа бастаушы кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша, оның ішінде «Еңбек» нәижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында қарастырылған жеңілдік кредиттеу басты қолдау болып отыр.
    Теректі ауданының бизнес-тренері Зухра Идгеева айтып өткендей, өткен жылы бизнес жүргізу негіздеріне 189 адам оқыған. «Бастау» жобасының 22 қатысушысы өз қаражаттарына бизнестерін ашқан; Теректі ауданының 26 тұрғыны кредиттеудің арқасында өз бизнес-бастамаларын жүзеге асыра алған (қарыздың жалпы сомасы 99 млн 600 мың теңгені құраған).


    Былтырғы жылы қолға алынған бизнес жобалардың барлығының негізгі бағыты мал шаруашылығы (90%), дегенмен жүк, жолаушылар тасымалдау, техникалық қызмет көрсету станциясын және ателье ашу сияқты бастамалар да кездескен.
    Өкінішке орай барлық ұсынылған бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік болмады, оған себеп – жоба қатысушыларының кепілдікке қоюға мүліктерінің болмауы, қаржыландырудың шарттарына сәйкес кредиттік тарихының сәйкес келмеуі, ал кейбіреулерінің ойынан айнып қалуы.
    Биылғы жылға келер болсақ, З.Идгееваның берген ақпараты бойынша сәуірден бастап тамыз айын қосқанда бизнес жүргізу негіздері бойынша оқудан 119 адам өткен. Қазіргі уақытта оқудың төртінші ағыны жүріп жатыр, топ 33 адамнан құралған, ал жыл соңына дейін тағы да 68 адам оқыту жоспарда.
    Бүгінгі таңда 29 жоба қаржыландырылған. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бұл жобалардың жүзеге асырылуы үшін жалпы сомасы 102 млн 95 мың теңге құрайтын қаржы бөлген.
    Ауданның 23 тұрғыны мал шаруашылығын дамыту саласына қаржы салуды жөн көрген, ал қалған екі жоба – жүк және жолаушылар тасымалдау болып табылады.
    Теректі ауданының тұрғындарының басқа да бизнес бастамаларына келер болсақ, бұл – шағын дәмхана, наубайхана, бала бақша ашу жобалары және бұл бастамаларға біз толығырақ тоқталып өтеміз.

    Балаларды қамқорлау ықыласыңда болса
    30 тамызда Ақсуат ауылында «Тұлпар» атты бала бақша ашылатын болады. Ақсуаттықтар үшін бұл өте маңызды, себебі КСРО тарағаннан бері бұл елді мекенде мектепке дейінгі мекеме болған емес.
    Бала бақшаның негізін қалаушылар — ерлі зайыпты – Шайжан Нұрғалиев және Маншүк Науанова, олардың балалармен жұмыс жасауда көп жылдық тәжірибелері бар.
    Шайжан Орынбасарұлы- бастауыш сынып мұғалімі, Маншүк Ибатқызының педагог ретінде 27 жыл еңбек өтілі бар, оның 15 жылын мектепке дейінгі мекемелерде атқарған. Айтпақшы, М.Науанова соңғы уақыттарда Пойма ауылындағы бала бақшада әдіскер болып жасаған, бірақ өз ауылында бала бақша ашу шешімін қабылдағаннан кейін жұмысынан өз еркімен босаған.
    Ерлі — зайыптылардың бұл шешімді қабылдауына ауылдастарының себепші болғанын атап өту керек. Айтып өткеніміздей, Ақсуат ауылында балалар бақшасының болмағанына біраз жылдар өткен ( бұл әрине көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға қиындықтар туғызады), сондықтан да көптеген ата-аналар Шайжан мен Маншүкке бала бақша ашуларын сұрай бастаған.
    Тұрақты түрде түсе бастаған ауылдастарының өтініштері бұл әлеуметтік маңыздылығы бар мәселеге отбасының немқұрайлы қарамай қолға алуына түрткі болды, олар қаражат жинап, осы жылдың сәуірінде бала бақшаның ғимаратының құрылысына кірісті.
    Осы айда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудың бірінші ағыны басталып, Ш.Нұрғалиев те қатысты. Бір ай бойы оқыған Нұрғалиев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының сертификатын алып, екі айдан кейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.
    Ерлі-зайыптылар жинаған қаражаттарын толықтай бала бақша ғимаратының құрылысына салған болатын, бұдан басқа жиһаз, жабдықтар, техника және бала бақшаның тағы да басқа қажеттіліктерін сатып алуға қаражат керек болды.
    Шайжан Орынбасарұлына бала бақшаға қажетті жабдықтарын сатып алуға 10,7 млн теңге керек болғанымен, кепілге қойған мүлкін 15 млн теңгеге бағаланғандығын есепке ала отырып, стартапшыға 7,5 млн теңге берілді. Қаржы жеткіліксіздігі себепті үнемдеп, бизнес-жоспарда жоспарланған тауарлардың кейбіреулерін сатып алуды кейінге қалдыруға тура келеді.
    Бір қабатты болып салынатын бала бақшаға арналған ғимараттың аумағы – 147,9 шаршы метр және 1,6 жастан 5 жасқа дейінгі аралықтағы 60 балаға есептелген. М.Науанованың айтуынша (бала бақша меңгерушісі болып тағайындалған) қазіргі уақытта 58 баланың ата-анасынан өтініш түскен.
    «Тұлпар» бала бақшасының ашылуынан кейін Ақсуат қаласында 13 жұмыс орны пайда болады (оның ішінде тәрбиеші лауазымы (3 бірлік), тәрбиеші көмекшілері (2 бірлік), бухгалтер, аспазшы, шаруашылық бөлімі жұмысшылары). Одан басқа, жоғарғы топ тәрбиеленушілерін орыс тілі жіне ағылшын тіліне дайындауды ұйымдастыру жоспарланып отыр, соған байланысты оқытушылар қоса атқару тәртібімен жұмысқа шақырылатын болады.
    Тамақтандыру – үш мезгілдік. Ыстық тамақ, шырын, сусындардан басқа ас мәзіріне бала ағзасына қажетті болып табылатын жеміс-жидектер мен көкіністер енгізілген. Бала бақшаның жұмыс жасау тәртібі – 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақыт.
    Мекеме алғашқы жұмыс жасау уақытында өзін өзі қамтитын болады, бұл дегеніміз жұмысшыларға жалақылары және бала – бақшаның жалпы қаржылық қызметі ата-аналардың төлемдері есебінен төленіп жүргізіледі.
    Бір балаға төлем – 10 мың теңгеге бағаланып отыр, Маншүк Ибатқызы бұл бағаның басынан бастап ата-аналарға айтылғандығын және олардың келіскендігін атап өтті.
    Аудандық білім бөлімінде бұл мектепке дейінгі мекемеге субсидия бөлу туралы аудандық мәжіліс алдында ұсынысқа бастамашылық жасауға уәде еткен, бірақ бұл мәселенің қарастырылуы бірден шешілмей бірнеше айға созылу мүмкіндігін де ескерткен.
    Ш.Нұрғалиевтің бизнес — жобасын қаржыландыру «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ –ның облыстық филиалы арқылы жүзеге асырылады. Кредит беру — 5 жылға есептелген, жылдық мөлешерлемесі 6%, қарыз өтеуге жеңілдік мерзімі (жеңілдік демалыс) 6 айға дейін.
    Шайжан Орынбасарұлымен әңгімелесе келе, бұл адам жаңа бастаушы кәсіпкерден бұрын мұғалім және кәсіби деңгейі өте жоғары мұғалім екендігіне көз жеткізіп, өзіме біраз ой түрттім.
    Бизнесін аша отырып, өз мүддесін ғана басшылыққа алмай, халықтың қажеттілігімен санасып отыр, балаларға деген қамқорлықты жоғары қою – ортақ алға тартылған мәселені шешуге түрткі болды. Осы себепті да стартапшыға және оның тілеулесі жұбайына отбасылық кәсіптері тек өркендей берсін деп тілек білдірмекпіз, Ақсуат ауылында бала бақшаны ашу арқылы олар аудандық көлемдегі әлеуметтік мәселені шешуге айтарлықтай үлес қосты.
    Бұл отбасының бүлдіршіндерге көрсетіп отырған мұндай қамқорлық ниеттерін отансүйгіштік қасиеттерін танытуы деп білуге болады.
    Өндірушілерден тікелей келетін нан
    Бұл ауылдың тағы бір тұрғыны 46 жастағы Қыран Қажғалиев наубайхана ашу туралы бастамасын ұсынды. Кәсібін ұйымдастыруға бұл азаматтың орын-жайы бар, ал кепілге қоятын мүліктің болуы қажетті жабдықтарын сатып алу үшін қарыз алуына мүмкіндік береді.
    Қазіргі уақытта оның бизнес-жобасы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қорында қарастырылуда, Қыран Тельманұлының өтінімін мақұлдаса, алынған қарыз ақшаға жаңа бастаушы кәсіпкер қажетті пеш, мұздатқыш, үстелдер сатып алмақшы.
    — Қандай өнімдер жасалады және қаншалықты көлемде шығаратын боласыз?,- деген сұрағымызға, болашақ кәсіпкер Қ.Қажғалиев былай жауап берді: «Наубайханада нан және торттар пісірілетін болады, ал көлеміне келер болсақ, күніне 300 бөлкеге дейін нан шығарылатын болады, торттар саны тапсырысқа сәйкес пісіріледі».
    Ақсуат ауылында қазіргі уақытта бұл наубайхананың жалғыз болуын ескерсек, жаңа бастаушы кәсіпкердің шығарғалы отырған өнімдеріне сұраныстың болатынына толықтай сенім білдіруге болады.
    Наубайхананың ашылуынан кейін Қыран Тельманұлы екі жұмысшыны жұмысқа алуды жоспалап отыр.

    Клиентке дәм арқылы жол!
    30 жасар Светлана Мукашева Федоровка ауылында шағын дәмхана ашуды ұйымдастырды. С.Мукашева сәуірде бизнес жүргізу негіздері бойынша оқудан өткен болатын, кәсіптің түрі бойынша таңдаудың уақыты келгенде, бизнес-тренерімен кеңесе отырып, шағын дәмхана ашуды шешкен.
    Болашақ кәсіпкердің бағына орай ашқалы отырған кәсібіне ғимарат іздеу қиындық тудыра қойған жоқ, әпкесі Светланаға кәсібін жүзеге асыру үшін жақында өзі сатып алған бұрынғы дүкен ғимаратын ұсынды. Бұл ғимараттың тұрған жері өте қолайлы, ауылдың орталығында орналасқан, оған қоса жақын жерде қоғамдық тамақтану орындары жоқ (бұл бәсекелестік тудыру мүмкіндігін жоққа шығарады).
    Осы жағдайларды ескере отырып, келушілер саны тұрақты болады деген болжамы да дұрыс болып шықты.
    С.Мукашеваның шағын дәмханасында негізінен пісірілген әр түрлі нан өнімдері, шырын, сусындар болғанына қарамастан, тамақтануға ниет білдірушілер ыстық тағамға да тапсырыс бере алады. Келушілерге аспазшы және аспазшы көмекшісі қызмет көрсетеді, ал Светлананың өзі кассада отырады. Жас келіншектің жоғары білімі бар екендігін атап өткіміз келеді (ағылшын тілі оқытушысы), бірақ ауылда мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған. Таңдау жасаған кәсібінің бітірген мұғалімдік мамандығына еш қатысы болмаса да, Светлана Мукашева өзін жаңа қырынан аша алғанына қуанышты.
    Жаңа бастаушы кәсіпкер «Бастау Бизнес» жобасына өте риза, өйткені ол адамдарға өздерінің бойларындағы жаңа мүкіндіктерін ашуға көмегін тигізеді.
    Алдыңғы кездескен респонденттер секілді Света да жеңілдік кредиттеу мүмкіндіктерін пайдаланып қалды, қарызға алынған ақшаға жабдықтар сатып алды.
    — Шағын дәмхананың жұмыс жасап жатырғанына да бір ай өтті. Қазір сіздің бизнесіңіздің табыстылығы жайында немесе керісінше тиімсіздігі туралы қорытынды жасауға бола ма, оған қоса қарызды қайтару міндеттемелері туралы ескерсек? – деп сұраған болатынмын.
    — Бұл бағытты таңдауда қателескен жоқпын деп ойлаймын. Дәмхананың азық-түлігіне жұмсаған қаражатымды қайтардым, кәсіпорным кіріс әкеліп тұр. Алдағы уақытта келушілер саны тек артады деп сенгіміз келеді, қалай болғанда да ұсынатын өнімдеріміздің түрлерін көбейту арқылы келушілерді тартатын боламыз,- деп жауап берді С.Мукашева.
    Бұрыннан да «Н» газет оқырмандарына «Бастау Бизнес» жобасы бойынша қатысушыларының сәтті жүзеге асырылған немесе бастап жатырған бизнес-жоспарларымен таныстыру мақсатымен шектеліп қана қоймай, ауыл тұрғындарының бизнес-идеялары арқасында олардың кәсіпкерлік әлеуеттерінің ашылуына басты назар аудара отырып, Жаңа өмір ауылының тұрғынының бизнес-жобасы туралы да айтып өтпекпіз.
    37 жасар Вадим Пашаев жобаның екінші ағынында оқудан өтті, оның бизнес-бастамасы – таңқурай бақшасын өсіру. Бұл азамат ұзақ жылдар бойына бақша шаруашылығымен, оның ішінде таңқурай өсірумен айналысып келеді.
    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу барысында қатысушыларға кәсіпкерлік бағыты бойынша таңдау жасау мәселесі қойылған кезде, Вадим бірден таңқурай өсіру әуесқойлығын кәсіпке айналдырып, болашақта осы қызығушылығын кеңейтіп ары қарай дамытуды мақсат етуді ойлаған.
    Жоба бойынша бизнес-тренері Зухра Идгеева бизнес-жоспар жасауға көмектескен, бірақ Пашаев бастамасын жер телімінің жоқтығы себепті жүзеге асыра алмаған.
    Теректі тұрғынының сөзінше таңқурай өсіру туралы ой «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының жобасына қатысқанға дейін келген екен.
    Барбастау ауылындағы алма бағының гүлденген кезеңін еске ала отырып, Вадим таңқурайды да осылай өсіруге болатынын ойлаған, себебі бұл жидектің адам денсаулығына пайдасы зор және көптеген ауруларға ем екені белгілі.
    — Бұл кәсіппен айналысудың тағы бір пайдасы өнімді егу және жинау маусымында ауылдастар жұмыспен қамтылатын болады,- дейді бұл азамат.
    — Жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 2 млн теңге қаражат керек, бірақ бау-бақша және өсімдік өсіру шаруашылығын жүргізудің ерекшелігін ескерсек жарты жылдық жеңілдік демалыс кезеңі бұл кәсіпкерлік бағыттың аяғынан тұрып кетуіне жеткіліксіз болады. Атап айтқанда, таңқурайды еккенен кейін тек екінші жылы ғана өнім береді, оның да тек 50 % ғана деп есептеу керек, ал үшінші жылында 100% өнім болады,- деп нақтылайды Пашаев.
    Алайда несие берудегі бұл өзгешеліктер Пашаев үшін бизнес-жоспарынан бас тартуға себеп болып табылмайды, кім біледі, мүмкін алдағы жылы жер мәселесі шешімін тапса Теректі ауданында таңқурай бағының пайда болуына да жағдай туып қалар.
    Жалпы алғанда, бұл азамат та «Атамекен» ҰКП-ның ауыл тұрғындарына тәжірибелі коучмэндерден бизнес жүргізу бойынша білім алуларына мүмкіндік тудырып отырғаны үшін риза. Себебі, бизнес-тренерлер өздерінің тренингтерінде тыңдаушыларына бизнес жүргізу әдістерін ашып, кәсіпкерлікті сәтті бастау қадамдарын түсіндіреді, шағын бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды таныстырады. Осы мемлекеттік бағдарламалардың бірі – нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай ксәіпкерлікті дамыту бағдарламасы және «Н» келесі санда оқырмандарына осы бағдарламаның екінші бағытының Зеленов ауданында қалай іске асырылып жатырғандығы туралы айтатын болады.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Предыдущая статья
    Следующая статьяСтановление зеленовских предпринимателей
    Аватар
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Как государство регулирует кредитную политику банков

    «Жизнь взаймы» – практика, давно получившая широкое распространение в...

    Поймы рек в Уральске может затопить совсем скоро

    По информации филиала РГП «Казводхоз» в ближайшие дни ожидается...

    Рекомендуем

    Для здоровья тела и духа

    Настоящий праздник йоги и медитации состоялся в стенах спортивного...

    432 жилых дома затопило в ЗКО

    Самая сложная ситуация сложилась в Сырымском и Каратобинском районах. Оксана...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл