№ 31 от 01.08.2018 Общество

Ата кәсібін жалғастыра отырып …

Біздің ата-бабамыздың негізгі кәсіп түрі мал шаруашылығы болды, қазақтар үшін мал барлық ырыстың өлшемі болып келуі де дәстүрлі ұғым. Бүгінгі таңда да ауылдық елді мекендердің тұрғындары аталар қалдырған дәстүрді жалғастыруда, сондықтан да нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушыларының басым бөлігі тиімді жағдайда кәсіптерін ашу мүмкіндігін пайдалана отырып, негізінен ірі қара мал, ұсақ және жылқы шаруашылығын өсіруге таңдау жасап отыр.

Ұрпақтардың кәсіп таңдаудағы бұл сабақтастығын Казталов ауданынан да келтіруге болады, бұл аудан өткен жылы «Бастау Бизнес» жобасы жүзеге асырылған бес ауданның бірі.
Казталов ауданында кәсіпкерлікті жүргізу негіздеріне оқытылған 191 тұрғындарының ішінде 28 жастағы Еркебұлан Саламатов (Жалпақтал ауылы) және 62 жастағы Маншүк Үзенбаева да болған (Жұлдыз ауылы).
Жас жігіт фельдшерлікке оқыған, мамандығы бойынша вахталық жүйеде Атырау қаласында жұмыс жасайды. Жыл жарым бұрын Еркебұлан шаруа қожалығын ашқан, 2017 жылы сәуірде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы және «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу жүргізілетіндігін естігенде, бірден оқуға ниет білдірген.
Бір айдан соң оқуын бітіргендігін растайтын сертификат алғаннан кейін Саламатов 3 миллиондай қаржы алуға кепілдікке мүлік қойған. Қарызға алынған қаржыға аналық 15 ірі қара мал сатып алған, ендігі мақсаты – ет өнімін алу үшін ірі қара мал санын көбейту.
Несие жылдық 6 % қайтарыммен, 5 жылға және жеңілдік демалыс уақыты – бір жыл жарым уақытқа берілген. Мамырда «стартапшы» (жаңа бастаушы кәсіпкерді осылай атайды) несие бойынша бірінші төлемін төледі. Еркебұланның айтуынша, қарызға алынған қаржыны ай сайын да тоқсан сайын да төлеуге рұқсат етіледі, ол қарызын жабудағы бірінші төлемін жинақталған еңбекақысынан төлеген екен. Жеңілдік демалыс беруді енгізгендігі жаңа бастаушы кәсіпкерге кәсібін қаржылай алып кетуіне, яғни, «аяқтан тұрып алуына» мүмкіндік берері сөзсіз.
Жұлдыз ауылының 62 жастағы тұрғыны Маншүк Үзенбаева орта жасқа келіп қалуына қарамастан қаржылай міндеттемелерге өзін байланыстыруға жүрексінген жоқ. Жеке кәсіпкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы несие рәсімдеп, алынған қаржыға 10 ірі қара мал сатып алды. Қарызға қаржы алудағы мақсаты бордақылау кәсібін дамыту, оны жүзеге асыруға жұбайы Насибулла көмектесетін болады.
Несие үш жылға рәсімделген, жеңілдік кезеңі 6 айға берілген. Тоқсан сайын 400 мың теңге шамасында қайтару қажет болады. Бұл отбасылық жұп жобаның қарыз қайтару шарттары қолдан келетініне сенімді және мамыр айында Үзенбаевтар несие бойынша бірінші төлемін төлеген.
Казталов ауданы бойынша бизнес-тренер Айбатыр Турешев айтып өткендей, өткен жылдың қорытындысы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы арқылы және «Казталов» кредиттік серіктестігінен біртіндеп Казталов ауданының тұрғындарының 20 бизнес-жобалары қаржыландырылған ( жалпы сомасы 55 млн. 900 мың теңге), оның екеуі «Казталов» кредиттік серіктестігі, қалғандары ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы. 19 жобаның негізгі түрі – ірі қара мал өсіру (көбейту), тек біреуі ғана Жалпақтал ауылында нан түрлерін, торт және тәтті бөлке нан пісіру жобасы болып табылады.
Казталов ауданының тұрғыны – 47 жасар Анар Оңғарова ешкімге ұқсамайтын жобаның авторы ретінде танылды. Кәсіпкер несие арқылы алған қарызды (2,5 млн. теңге 5 жыл мерзімге жарты жыл жеңілдік кезеңімен берілді) құрал-жабдық сатып алуға жұмсамақшы, наубайхананың құрылысын бизнес-вумен өз қаражаты есебінен жүргізуде. Объект аумағы – 60 шаршы метр, оның іске қосылуы осы күзде жоспарлануда.
Алғашқы уақытта А.Оңғарованың кәсіпорыны тәулігіне 70-ке дейін нан-тоқаш өнімдерін өндіретін болады, кейін өндіріс көлемі арттырылатын болады. Өнімдерді өткізу алдымен дүкендерге, дәмханаға бөлшектеп сату арқылы жүзеге асырылатын болады, сондай ақ кәсіпкер алдағы уақытта мектеп, балалар бақшасы, аудандық аурухана – мемлекеттік мекемелеріне өз өнімдерін сату үшін тендерге қатысуды жоспарлап отыр.
Казталов ауданында наубайхана ашылысымен екі жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Осы жылы («Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту жыл сайын сәуірде басталатынын еске сала кетейік) Казталов ауданының 75 тұрғыны кәсіпті жүргізу негіздеріне оқытылды. Оқудың бірінші ағыны бойынша 10 жоба 26 миилион теңгеге (олар қаржыландырылды), ал екінші ағын бойынша 17 жоба 23 миллион теңгеге мақұлданды және екінші ағынның жобасының да негізгі бөлігі қаржыландырылды.
Қазіргі уақытта үшінші ағынның тыңдаушыларына оқу басталды (топта 15 адам). Жыл соңына дейін Казталов ауданының 80 – ге жуық тұрғындарын оқыту жоспарланып отыр.
Айтпақшы, осы жылғы жобалардың ішінде ауданында құдық және септик тазартып шығару бойынша қызмет көрсетуді қолға алғалы отырған 26 жастағы Илья Хакимовтың да жобасы ерекше болып танылды. Жас жігіттің айтуынша, қазіргі таңда облыстың барлық өңірлерінде сумен қамтамасыз ету жүйесі жолға қойылуы ауыл тұрғындарының үйлеріне әжетхана, жуыну бөлмесін орнатуға мүмкіндік тудырды. Бұл бір жағынан олардың кәріз жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету мен ахауларын жою бойынша жұмыстарға қажеттілігін тудыратыны да белгілі.
Бұл бастаманы іске асыру үшін 3 миллион теңге қажет болды, несие арқылы алынған қарыз ақшаға Ильяс ГАЗ-3307 бортты жүк машинасын және ассенизатор (тазалау) автомобилін алуды жоспарлап отыр. Жаңа бастаушы кәсіпкердің жоспары бойынша бір жұмысшыны жұмысқа алу қарастырылған, кейін Хакимов Казталов ауданында қой қырқу және жүн басудың қозғалмалы пунктін ашуды ұйымдастыруды көздеп отыр.
Бұл жас жігіттің бизнес-жобасының болашағы бар және келешекте оның қызметіне сұраныс әрдайым болатыны анық. Аудан тұрғындарының ұсынатын оңтайлы бастамалары көп болғанын қалаймыз, себебі бұрын айтылғандай, олардың табысты жүзеге асырылуы ауылдық елді-мекендерде өмір сүру сапасын арттыратыны сөзсіз.
Материалдың «Мал шаруашылығы – ауыл тұрғындарының негізгі кәсіп түрі» басты тақырыбына орала отырып, Сырым ауданындағы «Бастау Бизнес» жобасының барлық қатысушыларының осы сала түріне қаржы салып, ата кәсібін дамытқысы келетіндерін тағы да мысалға келтіруге болады. Аталған аудан «Бастау Бизнес» жобасында алғашқы рет қатысып отыр, оқу курстары басталғалы 60 адам қатысқан.
Қазіргі уақытта Сырым ауданында 15 жоба 34 миллион 100 мың теңгеге мақұлданған, осы көлемдегі тағы да жобалар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалының қарастырылуында.
Бүгінгі таңда оқудың үшінші ағынында 15 адам оқытылуда, жыл соңына дейін кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне Сырым ауданының 90 тұрғындарын оқыту жоспарланып отыр.

Саида ТУЛЕГЕНОВА