Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
10 C
Уральск
20 C
Аксай
Еще

    Бос орындардың кең таңдауы

    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасымен халықты жұмыспен қамтуға ықпал ету мен еңбек ресурстарының мобильділігі арқылы еңбек нарығын дамыту және халықты жұмыспен қамтылуға тарту шаралары қарастырылған. Аталған бағытты тиімді жүзеге асыруға бос орындар жәрмеңкесі ықпал етеді. Бұл шаралардың артықшылығы жәрмеңке қатысушыларына бір уақытта өзіне ұнайтын бірнеше бос орындарды білуге мүмкіндік береді, ал ең бастысы – жұмыс берушілердің өкілдеріне өзін қызықтыратын сұрақтар қоюға жағдайы бар. Бір сөзбен айтқанда, бос орындар жәрмеңкесі таңдауды кеңейтеді және жеңілдетеді.

    Осындай шағын жәрмеңкелердің бірі өткен бейсенбі күні орталық базар аумағында өтті, оны қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мен облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырды.

    Айта өтетін жәйт, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган болмаса да, бұл мемлекеттік мекеме жастардың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге айтарлықтай үлес қосуда. Соның ішінде жұмыспен қамту сұрақтары бойынша.

    Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Мержан Әбілхастың айтуынша, осы жылы шамамен 1200 жастар кеңес алуға облыстық орталығына және оның аудандық филиалдарына жүгінген. Сұрақтардың басым бөлігі жұмыспен қамтуға қатысты, түсіндіру жұмыстары барысында ресурстық орталық кеңесшілері мемлекетпен жүзеге асырылып жатырған бағдарлама мүмкіндіктеріне аса көңіл бөлуде.

    Сонымен қатар, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жас мамандарды жұмыспен қамту мақсатында ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен («Зенит зауыты», «Гидромаш» АҚ және басқалары) серіктестік қарым-қатынас орнатқан.

    Жұмыс берушілер мен халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жұмыстарына қатысатын мемлекеттік органдар мен мекемелер арасындағы серіктестікпен бос орындар жәрмеңкесіне қатысуы қарастырылған (осы жылы бес рет өткізілген: екеуі – кең көлемді, үшеуі – шағын жәрмеңкелер). Аталған шаралардың нәтижелілігіне тоқтала кетсек, осы жылдың сәуір айында Қазақ драма театрында өткен бос орындар жәрмеңкесі мысалында айтып өтсек, 64 адам өзіне жұмыс тапқан. Осылай, әлеуетті қызметкерлер мен жұмыс берушілер кездесуі екі жаққа да пайдалы болып отыр.

    Кең көлемді бос орындар жәрмеңкелері қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақ драма театры холлында тоқсан сайын өткізіліп отырылады, осы жазғы маусымда ол шілде айында жоспарланып отыр.

    Шағын бос орын жәрмеңкелері жұмыс берушілердің сұраныстарының пайда болуына қарай, аяқ асты ұйымдастырылады. Мысалға, жазғы маусымда құрылыс саласының дамуына байланысты, жақын арада өткен шағын бос орындар жәрмеңкесінде құрылыс ұйымдары келесідей бос орындарды ұсынды. Соның ішінде, техникалық және жұмысшы 99 мамандарға тапшылығын келесідей кәсіпорындар білдірді: «Айдана» ЖШС, «Раев» ЖК, «Алсед» ЖШС, «Альтаир» ЖШС, «ПМК-117» ЖШС, «КварцСпецСервис» ЖШС, «KCG» ЖШС, «Оркен-Сервис» ЖШС, «Дизайн-Д» ЖШС, «ДСК-Приоритет» ЖШС. Тоқтала кетсек оларға қажетті мамандар: «Айдана» ЖШС-не – ӨТБ инженері, жол жұмысшылары (8 адам), механизаторлар (5 адам), КАМаз жүргізушілері (3 адам); «Раев» ЖК-не – жұмысшылар (4 адам); «Алсед» ЖШС-не – әртүрлі жұмысты атқаратын адамдар; «Альтаир» ЖШС-не – ӨТБ инженері, электрші, құрылыс мастері (2 адам), көмекші жұмысшылар (9 адам), тас қалаушылар (15 адам); «ПМК-117» ЖШС-не – автокраншылар (2 адам), механизаторлар (2 адам), полиэтилен құбырын дәнекерлеушілер (5 адам), матаушылар (4 адам), монтаждаушы-бетоншылар (5 адам).

    «ДСК-Приориет» ЖШС-не жол жұмысшыларына қажеттілігі бар, ал «КварцСпецСервис» ЖШС-не, «KCG» ЖШС-не, «Оркен-Сервис» ЖШС-не, «Дизайн-Д» ЖШС-не көмекші жұмысшылар қажет.

    Соңғы аталған алты құрылыс ұйымдарымен ұсынылған жалақы көлемі 50 мыңнан бастап 70 мың теңге аралығында болды. «Айдана» ЖШС жұмысшылар еңбегін 75 мың теңгеге, механизаторлар  еңбегін 80 мың теңгеге бағалап отыр. ӨТБ инженерінің жалақысы – 95 мың теңге, КАМаз жүргізушісі – 100 мың теңге.

    «Алсед» ЖШС әртүрлі жұмысты атқаратын адамдарға 60 мың теңге ұсынады, «Раев» ЖК өзінің жұмысшыларына 40 мың теңге ұсына алады.

    «Альтаир» және «ПМК-117» ЖШС (Халықты жұмыспен қамту қалалық орталығымен берілген кестеге сәйкес) әлеуетті қызметкерлеріне жалақысын алдын-ала жарияламауға шешім қабылдап, жалақы бағанасына «жалақы келісім-шарт бойынша» деп жазылған.

    Жалпы алғанда жыл басынан бос орындар жәрмеңкесіне 207 кәсіпорын қатысты (жеке меншік нысандарымен қатар, ММ, МКҚК). Бұл шараларға 1028 адам қатысқан (көбінесе – жастар), 200 адам сол жерде бірден жұмысқа орналасу мәселесін шешті. Сонымен қатар, бос орындар жәрмеңкесіне қатысу түйіндемені бір жерде бірнеше жұмыс берушіге тапсыруға мүмкіндік бар, ол өз алдына нәтижені тездетуге ықпал етеді.

    Қалыптасқан дәстүр бойынша, бос орындар жәрмеңкесіне Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің қызметкерлері қатысады, олардан мемлекеттік қызметке тапсыру тәртібі мен рәсімі туралы білуге болады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері кәсіпкерлерге жаңа ісін бастауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы ұғынуға көмектеседі, қаржыландырудың тиімді шарттары туралы айтып береді.

    Егер халықты жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу шараларының қамтылу сұрақтарына тоқталсақ, қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметтеріне сүйенсек, 1 қаңтардан бастап 1 маусым аралығында тұрақты жұмысқа 188 адам орналастырылды; 322 адам жастар практикасына; 653 адам – қоғамдық жұмысқа; 69 – әлеуметтік жұмыстарға (уақытша жұмыстар) жолданды, 114 адам қысқа мерзімді кәсіби оқытудан өтуге ниет білдірді.

    Қазіргі таңда Орал қаласының халықты жұмыспен қамту орталығында 2031 адам тіркеуде тұр.

    Жыл басынан жұмыспен қамтамасыз ету бойынша мүгедектігі бар 82 тұлға жолықты, оның ішінде 16 адамға тұрақты жұмыс табылды, 103 мүгедек қоғамдық жұмысқа, 2-і әлеуметтік жұмысқа жолданды, 11 адам – жұмысшы мамандықтарды игеруге бағытталған қысқа мерзімді курстан өтті.

    Белгілі болғандай, қылмыстық-атқару жүйесінің облыстық департаментінің пробация қызметінде (ҚАЖД) тіркеуде тұрған (бас бостандығынан айыру орындарынан босаған, шартты жаза өтеуші тұлғалар) тұлғаларда Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы әрекеті аясына кіреді және қалалық халықты жұмыспен қамту орталығында оларға әлеуметтену мен қоғамға бейімделуге жәрдем көрсетуге бағытталған пробация кабинеті жұмыс жасайды.

    Орал қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы мен ҚАЖД-нің пробация қызметі инспекторлары бірлесе жүргізіп отырған жұмыстар туралы толығырақ «Н» келесі санында тоқталып өтеді.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Предыдущая статьяБронзовый прыжок
    Следующая статьяШанс на новую жизнь
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Пик паводка в Уральске пройден

    Максимальный уровень на гидропосту г. Уральска зафиксирован на отметке...

    С начала паводка в ЗКО произошло 136 переливов и размывов на 58 автодорогах

    В настоящее время ведутся восстановительные работы. Об этом на...

    Рекомендуем

    Затягиваем пояса

    На прошлой неделе Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на встрече...

    Венский бал в Уральске

    Уже второй год подряд в нашем городе проводится это...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл