Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
4 C
Уральск
15 C
Аксай
Еще

    Мамандық таңдау негізі — қызығушылық!

    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында техникалық және кәсіби біліммен кадрларды дайындауға қатысушы мекемелердің жұмысы туралы жариялымдарды жалғастыра отырып, бүгін Орал қаласының екі орта арнаулы оқу орындары – «Технологиялық колледж» МКҚК мен «Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі» МКҚК қызметін қамтимыз.

    Еске салып өтейік, ұзақ мерзімді оқыту аясында мамандық алуға тек жасы 29-ға толмаған тұлғалардың мүмкіндігі бар. Орта және үлкен жасты адамдар еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар мен дағдыларға қысқа мерзімді кәсіби оқудан өтуге құқығы бар. Айта кету керек, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушысы келесі топқа жататын тұлғалар бола алады: ауылдық жерде тұратын әйел адамдар; еңбек етуге мүмкіндігі бар мүгедектер; 50 жастан асқандар; жалпыға ортақ белгіленген жастан бұрын зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер; бұрын ауыр жұмыс, зиянды жұмыс жағдайында жұмыс жасап, жәрдемақы алушы тұлғалар; ҚР Қарулы күштер қатарынан босатылғандар; жұмыс берушінің таратылуына байланысты жұмыссыз қалғандар; бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылғандар.
    Алдынғы төрт шығарылымында «Н» «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі», «Орал политехникалық колледжі», «Орал технологиялық «Сервис» колледжі», «Сервис және жаңа технологиялар колледжі», «Орал ақпараттық технологиялар колледжі», «А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі» МКҚК, сонымен қатар Теректі, Сырым, Ақжайық аудандарындағы колледждер қызметіне қысқаша тоқталып өткен болатын. Материалдардың негізгі сұрақтары: Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында оқытылатын мамандықтар атауы; оның қатысушыларына өндірістік тәжірибені ұйымдастыру; ұзақ мерзімді оқитын студенттердің тұрғылықты жерін шешу.
    «Технологиялық колледж» МКҚК директорының бейінді оқыту бойынша орынбасары Нұрлан Дүйсекеновтің айтуынша, олар «Тамақтануды ұйымдастыру» (9 сынып негізінде, оқу мерзімі – 3 жыл 10 ай) және «Тігін өндірісі мен киімді модельдеу» (11 сынып негізінде, оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай) мамандықтарына оқытуды жүргізеді. Оқушылар саны әр топта – 25 адамнан. «Тамақтануды ұйымдастыру» бағыты бойынша бейінді оқытудың әр жылы аяқталғаннан кейін «Аспазшы», «Өндірістік оқыту мастері» біліктілігі беріледі; дипломда көрсетілетін негізгі мамандығы – «Қоғамдық тамақтану кәсіпорнының менеджері».
    «Тігін өндірісі мен киімді модельдеу» бағыты бойынша модульді бағдарламасына сәйкес, «Тігіншімен» қоса «Өндірістік оқыту мастері» сертификаты беріледі. Негізгі біліктілігі – тігін өндірісінің техник-технологі.


    Еске сала кетейік, колледж түлегі техник дипломын алу арқылы орта буынды мамандыққа ие болады. Ұзақ мерзімді оқудан өтіп жатырған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қатысушыларының барлығы қазақтар, сондықтан болашақ мамандардың дайындығы да мемлекеттік тілде жүргізіледі. Н.Дүйсекенов атап өткендей, Технологиялық колледж жатақханасы ыстық және салқын сумен қамтылған, әр бөлмеде жуынатын орын бар.
    Болашақ тігіншілерді дайындайтын топтың 50 пайызы жігіттер мен жасөспірімдер. «Тамақтануды ұйымдастыру» бағыты бойынша топтың оқушылары ішінде 9-ы ер адам.
    Оқып жатырғандардың ішінде қалада тұратындар және ауылдық жерден келіп оқып жатырғандар санын салыстыратын болсақ, шамалас деп айтуға болады (22 және 28).
    «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 2018-2019 оқу жылдарына қанша адам жиналатыны туралы белгілі ме және мамандықтар түрлерінің кеңеюі болжанады ма?», -деген сұраққа Нұрлан Қайыржанұлы 50 адам жинау жоспарланып отырғандығын айтып берді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларының жаңа легін қандай мамандықтар бойынша дайындайтынына қатысты сұрағымызға Технологиялық колледж директорының орынбасары әзірге белгісіз екендігін айтты. Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру мақсатында «Надежда» әмбебап тігін трикотаж фабрикасы» ЖШС, «Швейник», «Жұлдыз», «Ядаменко», «Абдрахманова» жеке кәсіпкерлерімен және басқа да кәсіпорындармен серіктестік туралы келісім шарттар жасалды. Сонымен қатар, колледждің әлеуметтік серіктесі «Облыстық туризм және экология балалар және жасөспірімдер орталығы» МКҚК болып табылады.
    Былтырғы жылы Технологиялық колледж қысқа мерзімді оқыту аясында «Шаштараз өнері» мен «Декоративтік косметика» мамандықтары бойынша оқытты. 49 адам оқудан өтті, олардың ішінде Теректі ауданының тұрғыны 60 жасар Мақсот Бабанов бар.
    Бұл азамат ұзақ жылдар бойы жүргізуші болып жұмыс жасаған, бірақ денсаулығына байланысты жұмыстан босауға тура келген. Ол аудандық халықты жұмыспен қамту бөліміне жолыққан, оған қалаған мамандығын таңдай отырып, қысқа мерзімді оқытудан өтуді ұсынған. Мақсот Әнуарұлы шаштараз өнері дағдысын жас кезінде (әскерде жүргенде шаш қиюды үйренген) меңгергенін ескере отырып, шаштараз өнері курсын өткендігі туралы куәлік алуды шешкен. Қыркүйек айынан бастап желтоқсан айына дейін Технологиялық колледжде оқудан өтіп, ерлер мен әйел шаштарының мастері болып қызмет көрсетуге мүмкіндік алды. Қаладан жұмыс табуды жоспарлағанымен, оны жүзеге асыру қиын болды.
    Ә.Бабанов тұратын Новопавловка ауылында шаштараз болмаса да, әмбебап мастер қызметі ауыл тұрғындары арасында өкінішке орай сұранысқа ие емес.
    — Аптасына бір-екі келушілерге қызмет көрсетемін, онда да негізінен шаш қидыруға тек балалар келеді, — деп Мақсот Әнуарұлы мұңын айтты.
    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыру аясында бизнес ашуға мүмкіндіктер бар екендігін білесіз бе деген сұрағыма, ол бұл туралы хабарсыз екендігін айтты. Ауыл тұрғынына ауылдық әкімдікке немесе аудандық халықты жұмыспен қамту бөліміне «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, әсіресе «Бизнес-Бастау» жобасы бойынша оқу мүмкіндігі туралы толығырақ мағлұмат алуды ұсындым. Кім білсін, мүмкін бизнес-тренерлер Бабановтан кәсіпкерлік қабілетін көріп, оған өз кәсібін ашуға көмектесер.
    Технологиялық колледждің қызметіне, дәлірек айтсақ, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқытуға қатысуына тоқталсақ, айта кету қажет, қалалық Жұмыспен қамту орталығы қазіргі уақытта оқытуға ешкімді жолдамаған. Еске салсақ, қысқа мерзімді курстар үміткерлерден кем дегенде 10 өтінім түскенде ұйымдастырылады.
    Жағдайды пайдалана отырып, қысқа мерзімді кәсіби оқытуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін түсіндіріп өтейік.
    Қысқа мерзімді кәсіби оқыту аясында оқытудан мамандық алуға үміткер халықты жұмыспен қамту орталықтарына, ауыл немесе елді-мекен әкіміне Бағдарламаға қатысуға өтініш береді және Техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды дайындау және қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру ережесімен қарастырылған құжаттар тізімін тапсырады. Сонымен қатар, аумақтық комиссиямен анықталған білім беру мекемесін (кәсіби-техникалық колледждер) таңдайды.
    Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлердің құжаттарын екі жұмыс күні ішінде талаптарға сәйкестігін тексеріп, үміткерлер тізімін құрып, аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды. Аудандық (қалалық) комиссия үміткерлер тізімін үш жұмыс күні ішінде қарастырады және бекітеді. Одан кейін Халықты жұмыспен қамту орталықтары келесі үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді аудандық (қалалық) комиссиямен қабылдаған шешім туралы хабарлама жасап, оларға білім беру мекемесіне жолдама береді. Ауылдық елді-мекендерде тұратын үміткерлер ауыл немесе елді-мекен әкімі арқылы хабарлама алады. Білім беру мекемелері аудандық (қалалық) комиссия шешімі негізінде қысқа мерзімді кәсіби оқытуға үш жұмыс күні ішінде қабылдайды.
    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға «Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі» МКҚК-ның қатысуы туралы айта кетсек, бұл орта арнайы оқу орны «Электр байланысы және желімен хабарлаудың желілік құрылыстарын пайдалану», «Өндірістердегі электрлік механикалық жабдықтар (түрлері бойынша)» мамандықтарын дайындайды. Оқыту 9 сынып базасында жүреді, мерзімі – 2 жыл 10 ай.


    Бірінші оқу жылында 10-11 сыныптардың жалпы білім тәртібі бойынша бағдарлама жүзеге асырылады. Модульдік бағдарламаға сәйкес «Трансформаторлар құрастырушы», «Кабельдеуші-байланыс монтаждаушы» біліктіліктері бойынша куәлік беру қарастырылған. Диплом алғаннан кейін берілетін негізгі біліктілік «Абоненттік құрылғы байланыстарының желілік құрылыстарының электромеханигі» немесе «Барлық атаулардың электромеханигі» (алған мамандығына байланысты). Оқу жылының басында білім алушылардың саны 50 адамды құрады, бірақ 2018 жылдың 1 мамыры бойынша 46-ға дейін қысқарды (бір студент тұрғылықты мекен-жайы бойынша басқа колледжге ауыстырылды, тағы бір студент әскери қызметке шақыртылуына байланысты академиялық демалыс алды, екі студент жұмысқа орналасуларына байланысты оқудан бас тартты).
    Аталған мамандықтар тек қана ер балаларға сай мамандықтар сияқты көрінгенмен, қыз балалар арасында да бұл мамандыққа қызығушылық танытушылар бар. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысушылар арасында Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде ұзақ мерзімді оқытудан 4 қыз бала өтіп жатыр. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
    Егер жас мөлшерлеріне қатысты қарастыратын болсақ, ұзақ мерзімді оқытудағы студенттер арасындағы ең үлкендері 25-26 жас; кәмелетке толмаған студенттер (16-17 жас) — 37 адам. «Батыс қазақстан индустриалды колледжінің» әлеуметтік серіктестері — «Қазақтелеком» АҚ, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС. Осы кәсіпорындармен дуалдық оқытуға келісімшарт жасалды. «Өнеркәсіптегі электромеханикалық құрыл-ғы» (түрлері бойынша) маман-дығына қысқа мерзімді курстар шеңберінде де оқытады. Оқу мерзімі-3 ай. Өткен жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді оқы-ту шеңберінде колледж газ-электродәнекерлеушілерді, электромонтерлерді оқы-тып шығарды. Қазіргі уақытта «Өнеркәсіптегі электромеханикалық құрылғы» (түрлері бойынша) маманыдығы бойынша оқыту жүргізілуде. Батыс Қазақстан индустриалды колледжі жанында студенттерге арналған жатақхана әзірге жоқ, бірақ қала басшылығымен жатақхана құрылысының жобалық-сметалық құжат-тамасы жоспарланған.
    Орал қаласының кәсіби техникалық колледждерінің қызметтері туралы, атап айтқанда, 2017-2021 жылдардағы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу тұрғысынан ақпаратты қорытындылай келе, қысқа мерзімді кәсіби оқытудан өткен тұлғалар саны туралы Орал қаласы тұрғындарды жұмыспен қамту орталығының деректерін келтіреміз.
    Сонымен, мекеменің дерек-теріне сәйкес, өткен жылы қысқа мерзімді курстан 963 облыстық орталық тұрғыны өткен, қазіргі кезеңде қысқа мерзімді оқытуға 241 адам жіберіліп отыр. Бұл бағдарламаның мақсаты тұрғындарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық алуға көмек көрсету болып табылады және олардың әрі қарай жұмысқа міндетті орналасуы туралы мақсат қойылмайды, біз бұл азаматтардың жұмысқа ораналасу мәселесіне назар аудармаймыз.
    Сонымен қатар, өз бетімен жұмыс іздеу мүмкіндігін «электронды еңбек биржасы» бірыңғай ақпарат қоры кеңейте түседі. Бұл ақпарат қоры елдің барлық аумағындағы бос жұмыс орындарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл жүйе жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер туралы толық ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың деректер қорымен байланысты.
    «Н» алдыңғы бес шығарылым барысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысушы Орал қаласының сегіз кәсіби техникалық колледжінің қызметі туралы айтты. Келесі санда біз облыстың аудандарына қызмет етіп жатырған техникалық және кәсіби білім ұйымдарының қызметі туралы айтатын боламыз. Жұмыс немесе техникалық мамандыққа тегін оқу мүмкіндігі туралы ақпарат мектеп түлектерінің немесе егде жастағы адамдардың, әсіресе ауылдық жерлердегі тұрғындардың бір кәдесіне жараса қуанышты боламыз.

    Саида ТУЛЕГЕНОВА


     
    Предыдущая статья
    Следующая статьяКуда пойти за профессией?
    Аватар
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    Последние новости

    Более 80 домов затопило в селах Теректинского района ЗКО

    Эвакуировано 136 человек, сообщили в районном акимате. Роман ДРОЗДОВ Из-за обильного...

    В эвакопунктах Уральска размещены 12 человек, пострадавших от паводков

    В областном центре определено восемь мест для эвакуации граждан,...

    Рекомендуем

    Для здоровья тела и духа

    Настоящий праздник йоги и медитации состоялся в стенах спортивного...

    432 жилых дома затопило в ЗКО

    Самая сложная ситуация сложилась в Сырымском и Каратобинском районах. Оксана...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл