Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
19 C
Уральск
11.7 C
Аксай
Еще

    Жаңа мемлекеттік бағдарлама: оқытып қана қоймайды, қамқорлайды да

    Батыс Қазақстан облысының ғылыми-зерттеу институтының мамандарының ұйымдастыруымен өткен семинарда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасының негізгі ережелері және оның жүзеге асырылу барысы, ақпараттық жұмыстардың жұмыс жасау жолдары, әлеуетті қатысушылардың кездесіп отыратын өзекті мәселелері және басқа да ерекшеліктері туралы талқыланып өтті.

    Барлығына ақпарат жеткізу
    Ауылдық округтардың әкімдері, сондай ақ, олардың мамандары және Жұмыспен қамту орталықтарының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысушылары болып табылған семинар бағдарламасы айтарлықтай маңызды болды. «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты» мекемесінің директоры Үмбетқали Молдағалиұлы ЖАНАБЕКОВТІҢ айтуынша, мұндай семинар осымен төртінші жыл өткізіліп отыр. Белгілі болғандай, мемлекеттік бағдарламаға жылма жыл қандай да болмасын толықтырулар енгізіліп отырады, мысалы, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын алуға болады, сондықтан өзгерістерді түсіндіру ба-ғытында осындай шаралар өткізіледі. Барлық мемлекеттік құрылымдар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, сол үшін семинардың бағ-дарламасына сұрақтар топтамасы міндетті түрде енгізіледі, онда топтаманың белсендірілу әдістері мен тәртібі қарастырылатын болады.
    — Семинар жаңа технологиялардың қолданы-луымен өткізіледі, оның ішінде интерактивтік дәрістер және тренингтер де бар, — деп түсіндіріп өтті Ү.Жанабеков. – Қатысушылар БҚО аумағында Бағдарламаның әдістері және тәсілдері қалай жүзеге асып жатырғандығы туралы тәжірибелік тапсырмалар алады. Сонымен қоса ауылдық округтардың әкімдері және жұмыспен қамту орталығының мамандары тапсыратын негізгі қағидалар мен ережелерді білулері бойынша тестілеу жүргізіледі.
    Кеңейтілген теориялық материалдардан басқа, шараның ұйымдастырушылары буклет және плакат түрінде үлестірме материалдарын да дайындаған болатын.
    -Біз жұмыссыз азаматтардың нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қандай да болмасын мемлекеттік көмек немесе қолдауын қалай ала алатындары туралы толықтай жаздық, — деп атап өтті Үмбетқали Молдағалиұлы. – Халық әлеуетті қатысушыларға қандай жағдайлар қарастырылғандығы туралы толығырақ танысу үшін көрнекіліктер ақпарат орындарында таратылады және ілінеді. Одан басқа, біздің мамандарымыз арнайы әдістемелік оқу құралдарын дайындады, онда бағдарламаның негізгі ережелері жазылған. Қызыл түспен соңғы енгізілген өзгерістер белгіленген. Бұл әдістеме басқа сөзбен айтқанда, жаңа мазмұндағы бағдарламаның өзі болып табылады. Мұның барлығы осы оқу құралын күнделікті жұмыстарында қолданатын ауыл әкімдері мен жұмыспен қамту орталықтарының мамандарының жұмыстарын жеңілдету үшін жасалған.
    Айтып өтейік, Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу орталығы мұндай семинарларды облысымыздың 12 ауданында өткізді.
    — Семинар барысында біз мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында кездесіп отыратын өзекті мәселелерді де талқылаймыз- деп түсіндіріп өтті институт директоры. Осындай талқылаулар және толықтай сараптау негізінде, кейін министрлікке жеткізіліп, әдетте түзетулер енгізіледі. Мысалға, осы жылы іске қосылған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жаңа Бағдарламасында , бұрынғы ескертпелердің барлығы ескерілген, бұл бізді айтарлықтай қуантты. Сондықтан, бұл бағдарлама қатысушыларға несие алуға көмектесуді де, жұмыссыздар арасында қатысушыларды іріктеуді де, оларды оқытуды да, бизнес-жобаларын ақыл-кеңес бере отырып сүйемелдеуді де қарастырады. Шын мәнісінде, бұл жаңа бастаушы кәсіпкерлерді, «Бизнес-инкубатор» ретінде толықтай қамқорлау.

    Жоспар бойынша келеміз
    Ұйымдастырылған шараға қатысқандар қатарында болған Орал қаласының жұмыспен қамту орталығының директорының міндетін атқарушы Нұрсауле ЕЛЕУОВАНЫҢ мәлім-деуінше, мұндай семинарлар біріншіден басқа өңірлерде қолданылатын тәжірибелерден үлгі алу мақсатында өткізіледі. Маңыздысы, шара барысында мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуының негізгі тетігі туралы талқылау жүретіндігі, бұл пайда болған өзекті сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.
    -Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы тоғыз ай қорытындысы бойынша біздің тарапымыздан 80 пайызға орындалғандығын айтуға болады,-деп атап өтті Н.Елеуова. – Осы жылы бағдарламаның бірінші бағытын, оның ішіне енетін тегін негізде қатысушыларды техникалық және кәсіби біліммен және қысқа мерзімдік оқумен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін 113 млн теңге бөлінді. Оқудың бұл түрімен осы жылы 976 адамды қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, оның 676-сы қазіргі уақытта оқып та жатыр. Курстар БҚО – ның еңбек нарығында қажеттілікке ие мамандықтар бойынша жүргізіледі. Ондайлар қазіргі уақытта 25 шамасында.
    Нұрсауле Елеуова хабарлап өткендей, «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша да белсенді түрде жұмыстар атқарылуда. Орал қаласының жұмыспен қамту орталығы базасында барлық әлеуетті қатысушылармен кеңес беру жүргізіледі.
    — Орал қаласында осы жылы несиелеу екінші деңгейлі банктер арқылы жүреді. Бір адам бұл бағыт бойынша қазіргі уақытта несиені алды, қалған 25-і әзірге бизнес-жоспарларын, артынша әрбір клиенттің төлем қабілеттілігін тексеретін екінші деңгейлі банктерде қаржыландырудан мақұлдануын күтуде. Осы жылы несиелендіру бойынша 270 адамды қамту жоспарланып отыр.
    Үшінші бағытқа келер болсақ, жоспарланған 202 адам (60%) ішінен 120 адам уақытша жұмыс орындарына, жастар практикасына, қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарына, сонымен қоса, тұрақты жұмыс орындарына бөлінді.
    — Жастар практиксына біз жоғары оқу орындарын, колледждер, лицей бітірген, еңбек тәжірибелері жоқ түлектерді жұмысқа орналастырамыз,- деп түсінік берді Н.Елеуова. — 200-дей мекеме бізге сұраным түсірді. Ең біріншіден, бұл бағыт жас мамандарға жұмыс табуға көмектеседі, өйткені көптеген мекемелер алдымен еңбек өтілдерінің болуын талап етеді. Білім ордасын жастар жаңа ғана аяқтаған болса, тәжірибені қайдан алмақ? Жастар практикасына есептелген 477 адам бола тұра, бізден 641 адам жолданды. Өткен жылы жастар практикасынан өтуге үлгермегендер, қазір өтуге мүмкіндік алды. Жыл соңына дейін әлі 100 адам жіберуді жоспарлап отырмыз.
    Нұрсауле Елеуованың айтуынша, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан әр жұмысшының жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды. Жоспарланған 120 әлеуметтік жұмыс орындарына 91 адам жолданды. Мұндай жұмысқа орналастыруға тек Орал қаласының жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде есепте тұрғандар үміттене алады.
    — Нәтижесінде, жыл басынан бері бізге 7743 адам жолықты, оның 2924-і жұмыссыздар болып танылды, 4763-і мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылғандар,- деді Н.Елеуова. -Тұрақты жұмысқа — 3006 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмысқа – 1148, жастар практикасына – 641, әлеуметтік жұмыс орындарына – 91 және мемлекеттік-салалық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша орындарына – 123. Өз қызметімізде басты қолдауды әлеуметтік-осал топтарға, олардың ішінде мүгедектер, пробация қызметінде есепте тұрғандар, сондай-ақ жастарға көрсетеміз.

    Маңызды ерекшеліктер
    Семинарда аталып өткендей, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының әр үш бағытында да арнайы түсініктеме беруді қажет ететін тұстары бар, себебі барлық жаңалықтары алғашқы рет енгізіліп отыр. Ұйымдастырушылар семинарға қатысушыларға бағдарламаның іске асу барысы туралы түсіндіріп, әр тұсын толықтай мазмұндайтын әдістемелік үлестірме оқу құралдарын таратты.
    Мысалға, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша ТжКБ (техникалық және кәсіби біліммен) кадрларды даярлау үміткерлерді білім мекемелері, жергілікті полиция қызметтері, жергілікті атқару органдары, ауылдық округтардан жинап, олармен түсіндіру және кәсіби бағдар бойынша әңгімелесу жүргізетін мобильдік топтар арқылы жүзеге асырылатындығы аталып өтті. Бұл жұмыстардың қорытындысы бойынша оқу орындарының атаулары және мамандықтары көрсетілген тізім қалыптасады.
    Мынаны білген маңызды, оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханынан өткен барлық қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім туралы диплом және біліктілік алғандығы туралы сертификат беріледі. ТжКБ бойынша кадрларды дайындау ұзақтығы таңдалынған мамандықтарына, сәйкесінше оқу бағдарламасында көрсетілген мерзіміне байланысты болады. Айтпақшы, 2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020. Жол картасы» бағдарламасы аясында тегін кәсіби даярлық курсына жолданғандарға енді жаңа нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарлама аясында оқуларын жалғастыру құқығы беріледі.
    Қысқа мерзімдік оқуға келер болсақ, ол да цифрлық сауаттылық дағдыларына, ағылшын тіліне, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша жүреді. Оқыту ұзақтығы кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қоспағанда, мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты бір айдан алты айға дейінгі аралықты құрайды. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мерзімінің ұзақтығы 15 күнді құрайды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқу қатысушылары болып 29 жасқа дейінгі жастар және жұмыссыздар, сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен қысқартылғандар болып табылады. Оқушылар мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын студенттер үшін заңнамамен белгіленген мөлшердегі стипендиямен және тұруға материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі. Қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға үміткелер жұмыспен қамту орталықтарына немесе ауылдық округатардың әкімдеріне өтініштерімен жүгінеді, құжаттарын тапсырып, тізімнен білім мекемесін таңдайды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан соң жұмыспен қамту орталығы бағдарламаның қатысушыларын жұмысқа орналастыруда көмектеседі.
    Айтып өткендей, бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқып жатырған қатысушыларға 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жол жүруге материалдық көмек беріледі. Қысқартуға ұшыраған жұмыскерлерді қайта даярлау жұмыс берушінің сұранысы бойынша, сонымен қатар бағдарлама қатысушының жұмыскердің оқу аяқталғанға дейін жұмыс орнын сақтайды деген шарт сақтаған жағдайда жүзеге асырылады. Қайта даярлау шарты бойынша жұмыс беруші білім саласындағы жергілікті атқару органымен бекітілген қайта даярлау курсы бағасының 30 пайызын қосымша қаржыландыру қажет, ол әрбір жұмыскердің мамандығы мен біліктілігі деңгейіне сәйкес қажетті оқу жоспары және бағдарламаға байланысты анықталады. Жұмыспен қамту бойынша жергілікті атқару органы білім беру мекемесіне қайта даярлау курсының құнының 70 пайыздан көп емес көлемде аударады. Қысқартуға ұшыраған жұмыскерлерді қайта даярлау бойынша іс шаралары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
    Семинар қатысушылардың нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытына жататын кәсіпкерліктің негізі мен кәсіпкерлік бастамаларды қолдауды оқыту бойынша да көптеген сұрақтар туындады. Жоғарыда айтылғандай, жергілікті Кәсіпкерлер палатасы «Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқыту ережелеріне сәйкес бекітілген нұсқада жергілікті атқару органдарына ай сайын оқуға жіберілгендердің, оқу бітіргендердің, өзінің ісін ашқандардың және кредит немесе микрокредит алғандардың саны туралы ақпарат беріп отырады. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша несие алудың міндетті шарты болып қатысушының салық органдарында тіркелуі қажеттігі. Несиелер микробизнес ашуға, соның ішінде ауылдық жерлерде, сонымен қатар ауылшаруашылық кооперативтерді кеңейту немесе ашуға беріледі. Олар «Бизнес Бастау» бойынша немесе бірінші бағыт аясында кәсіпкерлік негіздерін оқытудан өткеннен кейін немесе соңғы екі жыл ішінде басқа бағдарламалар бойынша оқу курсынан өткендігі туралы сертификаты бар тұлғаларға беріледі. Жұмыс жасап тұрған бизнесті кеңейту және ауылшаруашылық кооперативтерді құруға несиелер тек жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шартын қоя отырып, беріледі.
    Ауылдық елді мекендерде кредиттер «АШҚҚҚ» АҚ, сонымен қатар «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы қаржыландырылатын микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктер арқылы беріледі. Қалада – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы қаржыландырылатын екінші деңгейлі банктер, микрокредиттік ұйымдармен беріледі.
    Семинарды ұйымдастырушылар несие беру механизмі туралы айтып берді. Атап өткендей, үміткерлер-ауылдықтар оқу курсын өткендігі туралы сертификатымен (шағын бизнес ашатындар үшін міндетті түрде) «Еңбек нарығы» ААЖ тексеру нәтижесінде жұмыспен қамту орталығымен несие алу туралы өтініші мен құжатын тіркеп МҚО немесе КС немесе «АШҚҚҚ» АҚ –ға несие алуға жолданады. Онда әлеуетті бизнес-жобаның бағалауы өткізіліп және несие беру мүмкіндігі бар немесе жоқтығы туралы қорытынды беріледі. Қалада несие беру механизміне келер болсақ, үміткерлер тікелей немесе БҚО КП арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді. Кейін оқу курсын өткендігі туралы сертификатымен қатысушыларды ЕДБ немесе МҚО жолдайды, онда бизнес-жобаларының бағалауы өткізіліп, несие беру немесе бермеу туралы шешім қабылданады.
    Семинардың тағы да бір сұрақтар топтамасы кредиттерге кепілдік тақырыбына арналған болатын. Ескеріп өткеніміздей, кепілдік микробизнес ашуға, сондай-ақ оны кеңейтуге, ауылдық елді-мекендерде кооперативтер құруға, жаңа микромекмелер ашу, қалада бизнесін кеңейтуге ғана беріледі. Ауылдық елді мекендерде берілетін кредиттерді кепілдендіруді – «ҚазАгроКепіл» АҚ, қалаларда – «Даму» КДҚ» АҚ жүзеге асырады. Кредиттерге кепілдік бергені үшін жергілікті атқарушы органдардан алынатын комиссиялардың мөлшері ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кепілдік мөлшерінен 30%-ды, қалаларда – 20%-ды құрайды. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кредит сомасынан 85%-дан аспайды, жұмыс істеп жүрген кәсіпкер үшін кредит сомасынан 50%-дан аспайды. Кепілдік берілуге тиіс кредит сомасы 8000 АЕК-тен аспайды. Сыйақының номиналды мөлшерлемесі 6%-дан аспайды. Кредиттер бойынша ішінара кепілдікті қаржыландыру кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен кепілгер арасындағы тиісті шартқа қол қою жолымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Облыстың бір әкімшілік аумақтық бірлігінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама шеңберінде екі кепілгерді тартуына болады. Бағдарлама шеңберінде кепілдік беру көлемі тиісті қаржы жылына жасалатын кепілдік шарттары бойынша комиссияларды төлеу үшін бөлінген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады.
    Шараның ұйымдастыру-шылары айтып өткендей, бағдарламаның екінші бағыты бойынша қатысу-шылары бола алмайды:
    1. Моторлы тасымалдау жабдықтарын шығаруды қарастыратын және жеке өсірілген жүзімінен жасалған шарап өндірісінен басқа, акцизделетін тауарларды шығаруды жүзеге асыру;
    2. Ірі салық төлеушілер тізіміне енетін, №918 Үкімет Қаулысына сәйкес мониторингке жататын, металлургия өндірісіндегі іске асатын жобалар;
    3. Қиыршық тас –құм карьерлерін жасап шығару жобасынанан басқа, таулы кен игеру өнеркәсібінде өз қызметін іске асыру;
    4. Құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке жататын ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар (әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорациялардан, сонымен қоса мемлекеттік – жеке серіктестігі туралы шарт шеңберіндегі құрылған кәсіпкерлерден басқа) сондай-ақ, меншік нысаны жеке мекеме ретінде рәсімделген кәсіпкерлер;
    5. Жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобаларынан басқа ( 45.20 және 45.40 ЭҚЖК кластарымен қарастырылған автотранспорттар құралдары мен мотоциклдер жөндеуі және техникалық қызмет көрсетуінен басқа Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген сауда саласында айналым құралдарын толықтыруға бағытталғандардың жобалары (Экономикалық қызметтегі жалпы сыныптаушы «Көтерме және бөлшек сауда; автокөліктерді және мотоциклдерді жөндеу» G секциясы)
    Семинарда айтып өткендей, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасының үшінші бағыты қатысушылардың еркін қоныс аударуын қамтуында. Ол еңбекке тапшы облыстарда еңбекке жарамды мол облыстар арқылы жүзеге асады. Бір облыстың ішінде – төмен экономикалық әлеуетті ауылдардан облыстық маңызы бар қалаларға (аудандық) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу және тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндігі болған жағдайда іске асады. Айтпақшы, соңғы 10 жылда облыс халық санынан немесе тығыздығы жғынан шаршы километрге 6,4 адамнан келетін, халық санында 2% -ға өсуі бар, кету өңірлері ретінде Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары болып белгіленген. Өңірлер бағдарлама қатысушыларын орналастыруды ҚР Үкіметінің шешімімен белгілейді. Бағдарламаның жаңа тұрғылықты жерге еркін қоныс аударуға қатысушылары ҚР азаматтары, оралмандар және олардң отбасы мүшелері болып табылды.Семинарда айтылып өткендей, Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдауына қоныс аударуына, көшіп келуіне және жалға тұруына (аренда), коммуналдық қызметтерге төлеуге субсидий бөлуі кіреді. Халықты жұмыспен қамту сұрақтары бойынша мемлекеттік орган басынан бастап ауылдардан қалаларға ерікті қоныс аударуды ұйымдастыру үшін өңірлік комиссияның қарауына облыс аймағындағы қалалар мен ауылдардың тізім жобасын ұсынады. Осылайша, тізім бекітіледі, сәйкесінше халық арасында ерікті қоныс аудару мүмкіндіктері туралы ақпараттық жұмыстар жүргізіледі. Кейін бағдарламаға қатысам деушілер тұрғылықты жерлеріндегі жұмыспен қамту орталықтарына жолыға алады.
    — Халық арасында, әсіресе ауылдық жерлерде, жұмыссыздар санын азайту мақсатында, 2011 жылдан бастап елімізде «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы жүзеге асты, онда дағдарысқа қарсы әрекет механизмі қарастырылған болатын, — деп атап өтті семинарда сөз сөйлей отырып Үмбетқали Жанабеков. – Сонымен қатар, экономика өсуі аясында болмашы еңбек сыйымдылығымен байланысты құрылымдық мәселелерден басқа, сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтудың жоғарғы үлесі, кәсіби оқытуда жетіспеушілік, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің қолжетімділігімен және еңбек нарығындағы аймақтық үйлесімсіздіктермен байланысты шешілмеген мәселелер қалып қойды. Сақталып қалған мәселелерді шешу мақсатында мемлекет басшысымен үкімет алдында жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамту бойынша міндет қойылды. Осыған байланысты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа Бағдарламасы еңбек нарығында кәсіби дағды және біліктілік алудың тиімді жүйесін жасауға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса отырып, еңбек делдалдығының тиімді моделін жасауға бағдарланған болатын.

    Гауhар УМАРОВА


     
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Уральская спортсменка получила лицензию на Олимпиаду

    19-летняя спортсменка из Уральска Мария Бровкова в паре с...

    Чаган вновь начал расти

    Согласно гидрологическому бюллетеню, за четыре часа с 12.00 часов...

    Рекомендуем

    Казахстанский бадминтонист примет участие в Олимпийских играх

    Дмитрий Панарин отыграл 27 турниров и набрал необходимое количество...

    В Уральске, Атырау и Костанае запущены онлайн-трансляции противопаводковых мероприятий

    Как проходят противопаводковые работы можно посмотреть онлайн на сайте...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл