Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-0 C
Уральск
10.9 C
Аксай
Еще

    Идея сізден – қолдау бізден

    «Н» біздің облысымызда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясындағы «Бастау Бизнес» жобасының жүзеге асуын ақпараттандыруды жалғасытрады.
    Жуырда «Н» тілшілері Зеленов және Теректі аудандарының бірнеше ауылдарында болып,жоба бойынша өз істерін бастап жатқандардың алғашқы қадамдары туралы біліп қайтты.

    Еске сала өтсек, «Бастау Бизнес» жобасы жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту болып табылады. Ол нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Біздің облысымызда жоба 10 сәуірден бастап іске асты. Жоба аясында оқытудың алты ағыны жоспарланып отыр. Жобаның жүзеге асу мерзімі – 10 сәуірден 10 қарашаға дейін. Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірінде «Бастау Бизнес» бойынша оқытудың төртінші ағыны басталды. Облысымыздың бес ауданының әрбіреуінде (Теректі, Зеленов, Ақжайық, Жаңақала, Қазталов) бизнес-тренерлер жұмыс жасауда. Оқуға қатысушыларды оқытады, объектілерге бірге барады, бірлесіп бизнес-жобаларын жасайды және қаржы алғанға дейін қолдап отырады.

    Артур ОЗЕРОВ, Дарьинск ауылы, 19 жаста


    -13 жасымнан бастап жұмыс жасадым, металл, қарбыз саттым, кейін ата-анам кілем жуатын құрылғы алып беріп, 6 жыл бойына кілем жуумен айналыстым. Клиенттерге өзім барып кілемдерді алып, қайтадан таза күйінде жуып әкеліп беремін.Қазір автокөліктер жуу орнын ұйымдастырдым, ол да сұранысқа ие. Жергілікті әкімдік арқылы «Бастау Бизнес» бағдарламасы туралы білдім, енді бизнесімді кеңейту үшін несие алғым келеді. Нақтырақ айтып өтсем, монша құрылысына, автокөлігін жууға келген клиент, өзі де суға түсіп жуынып кетуге мүмкіндік тудырсам деймін. Талаптары жақсы, 6 пайызбен несие алу үлкен мүмкіндік, әзірше құжаттар жинап жатырмын. Моншаға сұраныс бар, құны – бір адамға 300 теңге, моншадан соң ауыл аймағында өзім апарып алып келетін боламын, бір екі жылда алған қаражатты қайтарамын деп ойлаймын.

    Данияр ҚАПУШОВ


    — Мен кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар бар және несиелеу төменгі пайыздық мөлшерде екендігін білдім. Осылайша «Бастау Бизнес» жобасына шықтым. Көп жылдан бері мал шаруашылығымен айналысып келемін, өзім Трекино ауылынан боламын. Қазір, «Север Агро Н» қостанайлық фирманың өкілімін, олар Абердин-Ангус асыл тұқымды бұқаларды өсірумен айналысады. Менің мақсатым — асыл тұқымды бұқаларды өсіру және фирманың БҚО-да өкілдігін ашу. Оқу курсын өттім, мал шаруашылығымен айналысқысы келетіндерге бастап кету үшін біздерге түрлі бағдарламалармен таныстырып берді, құнды және пайдалы білім алдым деп айта аламын. Қазіргі уақытта Зеленов ауданының әкімдігі Трекино ауылынан 2 гектар жер бөліп берді, сол жерде бұқаларды өсіруге арналған орын жасақталуда, осы екі гектар жерде үлгілі бордақылау алаңын және шағын сүт фермасын ашуды жоспарлап отырмыз. Алғашқысында 50 аналық сүтті мал басымен бастап кетуді жоспарлап отырмыз. Малды «Сервер Агро Н» орналасқан Қостанай облысынан әкелмекпіз. Бұл серіктестікте 6000 асыл тұқымды мал басы есепте, әзірге БҚО-на 25 мал басы әкелінді. Айтып кеткім келеді, біздің облысымызда сапалы асыл тұқымды мал басын табу өте қиын, мысалға жас бұқалар 350-400 кг салмағы жету керек, мұндай салмақпен бұл жастағы бұқалар өте сирек. Қазір шаруа қожалықтарына және жеке ауыл тұрғындарына да барлық талаптарына жауап беретін (жалпы салмағы, жасы және т.б.) асыл тұқымды, сапалы мал басын сатып алуға мүмкіндік бар ғой. Ия, алғашында бұл асыл тұқымдардың климат өзгеруіне орай жергілікті жердің ауа райы жағдайын көтере алмайды деген шүбә келтіретін пікірлер болды, алайда, тәжірибе көрсеткендей бұл тұқым өте берік. Біздерден мал басын сатып алған шаруашылықтар да бар, олар өте риза. Біздің ЖШС-те өте жақсы селекциялық жұмыстар жүріп және қатаң бақылау болып отырады, біздегі бұқалар союға емес, етті мал басын көбейтуге бағытталған. Менің жоспарымда, асыл тұқымды мал ұстауда Қостанай облысында қолданып отырған қазіргі заманға сай жаңа әдістерді енгізу, онда адам еңбегінің аз қолдануы және шығынның да аз кетуі көзделген, біздегі шаруашылықта қолданып жүрген кеңес үкіметінен келе жатырған әдістер. Жалпы айтқанда, бағдарлама өте пайдалы, ол маркетинг әдістерін түсінуге және оқуға мүмкіндік береді, менеджмент бойынша білім береді, өнімді қалай іске асыру керектігін үйретеді.

    Сабырғали СИСЕНОВ, Достық ауылы


    — Алдымен Ресейден калибрленген, ірі пістелерді алып келіп қаппен саттым, кейін пістелерді қауыздарынан өңдеуде құрылғы алуды шештім (ірілерін және ұсақтарын айыруда), өйткені аралас пістелерді алу арзанға түседі, құрылғы арқылы ірілерін және ұсақтарын ажыратып, ірілерін сатуға, ал ұсақтарын қалдырамын, себебі май көбірек шығады, сондықтан құрылғы арқылы тазартылмаған май өндіремін, қуаттылығы сағатына 160 литр. Әуелі ұсақ пістелерді Ресейге өңдеуге апаратынмын, күнжарасын сонда қалдыратынмын, жұмысы үшін төледім, ал енді оның барығы өзімде болады, шаруа қожалықтарына қоспа жем ретінде беріп, майды да өзім шығаратын боламын. Шикізатты Теректі ауданынан және Ресей елінен аламын. Менің ойымша, жоспарланған цех қазанда өз жұмысын бастайды.

    Владимир ФЕДОРОВ, кәсіпкер, Подстепное ауылы, 24 жаста.


    Тұрмыстық химияны құю цехын ашқым келеді. Осы мақатымды жүзеге асыруға 4 млн теңге алдым. Сырттан келгенді алудың не қажеті бар, егер қол жетімді бағамен жергілікті өнім хлор, ағартқыштар, бензин, сабын, сусабын, терезе жуғыштар және тағы басқаларды өзімізден сатып алуға болатын болса? Бізде барлығы сертификаттаудан өтеді, қажетті құрылғылар да бар, менде жалдамалы мамандар, зертханалар, көтерме сауда қоймасы, сауда өкілдері барлығы да болады. Жалпы, менің өнімдерім қазіргі Оралға келіп жатқан өнімдерден арзанырақ болады.

    Шукрат ЕСҚУАТОВ, Теректі ауданы


    Ірі қара мал шаруашылығын өсірумен айналысамын, осы үшін 3,7 млн теңге алдым. 13 басты сатып алдым, бірақ осы жерден емес, шалғайырақ аудандардан, себебі онда арзанырақ. Алда бордақылау және аналық малмен айналысуды жоспарлап отырмын. Малды «Ел ырысы» базарында сатамын, сондай-ақ, сүт өнімдерін өндеп айран, қаймақ жасаймыз. «Бастау Бизнес» жобасы расымен де аяқтан тұрып кетуге көмектеседі, отбасыңды және өзіңді асырап, қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады. Енді әкімдік мал ұстауға, бордақылау алаңына, аула салуға жер бөледі деп үміттенемін.

    Зухра ИДГЕЕВА, Теректі ауданының бизнес-тренері.


    -Жоба аясында оқудың 3 ағыны бойынша 101 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, негізінен, жобалар мал шаруашылығы, мейрамхана, шаштараз, наубайхана ашу бойынша да жобаларды құрайды. Тұрғындар «Бастау Бизнес» жобасына белсенді түрде қатысып отыр, үш ағынның ішінде ірі жобалардың бірі Жаңа өмір ауылында бордақылау орталығының ашылуы, оған қаржыландыру қаражаты ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 20 млн теңге шамасында бөлінді. Оқу кезінде кәсіпкерлеріміз маркетинг, бизнес-ойлаудың психологиясын, бизнес-идеяларды таңдау бойынша оқытылады, көбісі жаңа бір іспен айналысқысы келеді, бірақ қалай бастау керектігін білмейді, біз осы бағыт бойынша көмектесіп, қалай және қанша қаражат табуға болатындығын түсіндіріп береміз, салық декларацияларын тапсыру, қандай мерзімде тапсыру, бизнес-жобалар жасау, жалпы табысты кәсіпкерлікке қажетті ақпараттың барлығын түсіндіріп, осы салада білім береміз.

    Қуанышбек ЕРНИЯЗОВ, Зеленов ауданы бойынша бизнес-тренер:


    -Қазіргі уақытта, «Бастау Бизнес» бойынша оқытудың үшінші ағыны өтіп жатыр, Дариян ауылының өзінде 26 қатысушы оқып жатқандар бар. Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдайы үшін оларға өзіміз барып оқытып жатырмыз. Оқытудың үш ағыны бойынша 93 адамның, 1-ші ағынынан 18 жоба 57 млн теңге сомасында қаржыландырылған болса, екінші ағынында 17 жобасынан бесеуі жалпы сомасы 35 млн теңгеге қаржыланды, үшінші ағын бойынша да қаржыландыруды күтіп отырмыз. Оқу кезінде қатысушыларымыз құжаттар жинайды, ол жағынан біз көмектесеміз, объектілеріне барамыз, жекелеген кеңестер де береміз, әлеуметтік желіде, БАҚ-да да бизнестері айналымы кеңейуі үшін алға жылжытамыз, жер мәселесі бойынша да кеңес беріп отырамыз. Сонымен, 3 ағында 4 қатысушы жер алды, Біріншісі Октябрьский ауылынан Сергей Теплоухов деген азаматжер бойынша аудан комиссиясынан мақұлданып, оған 1,5 га ағаш өңдеу шаруашылығына цехқа жер бөлінді, тағы бір қатысушы Достық ауылынан Нұрхан Бекенов жеке қосалқы шарушылығы үшін бес сотық жер алды. Қазіргі таңда олар ұзақ уақытқа жер қолдануға құқық беретін қажетті акттардың барлығын рәсімдеді. Володарское ауылында сауда үйінің құрылысына Розетта Семенова және Данияр Қапушов 10 сотық жер алды.
    Жобаның 80% ауыл шаруашылығы саласында, 500 тенгеден бастап – жүк тасымалдау, тігін ательесі, балалар дәмханасы, оқудың әр ағынынан 17-18 жобалардың қаржылануын күтеміз, иегерілгенқаражат сомасы 60 млн теңгені ретін құрайды, біз үш ағыннан жобалар 90 млн теңгеге қаржыланады деп күтеміз, қаражат ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан, «Батыс Шаруа» кредиттік серіктестіктен, «БатысФинанс» МҚО арқылы түседі, барлық аталған қаржы институттарымен тығыз байланыс орнатылған, біздің мақсатымыз – адам тек қаражатты алып қана қоймай, нәтижесінде өз бизнесін ашуы, ауыл тұрғындарын жарты жолда қалдырмаймыз, оқытып, сертификаттарын табыстап осымен бітті демей, істі соңына дейін жеткіземіз, осылайша нәтижесінде жұмыссыздық саны азайып, жаңа жұмыс орындары көбейеді ғой. Статистика бізде жақсы, БҚО бұл бағдарламаны жүзеге асыруда республика бойынша үздіктердің бестігіне кіреді, оқуға отбасыларымен келеді, «Бастау Бизнес» жобаның ерекшелігі сол, біз әрбір есікке түртіп кіріп, жобаны жеткіземіз, жобаға қатысушылардың орташа жасы 45 жас.

    Гауhар УМАРОВА, 
    Георгий СЕМЕНОВ


     
    Предыдущая статьяИдеи ваши – поддержка наша
    Следующая статьяСо спортом по жизни
    Аватар
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Почти четверть триллиона тенге выделено на строительство и приобретение жилья в ЗКО

    В этом году в рамках «Концепции развития жилищно-коммунальной инфраструктуры»...

    Как государство регулирует кредитную политику банков

    «Жизнь взаймы» – практика, давно получившая широкое распространение в...

    Рекомендуем

    Для здоровья тела и духа

    Настоящий праздник йоги и медитации состоялся в стенах спортивного...

    432 жилых дома затопило в ЗКО

    Самая сложная ситуация сложилась в Сырымском и Каратобинском районах. Оксана...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл