Быстрее только ветер: заправь бак правильным топливом! Адреса АЗС «Конденсат»: 1 - г. Уральск, трасса Уральск – Желаево, строение 22. 2 - Бурлинский район, г. Аксай, Промышленная зона, строение 1 А. 3 - г. Уральск, Саратовская трасса, строение 3. 4 - Бурлинский район, г. Аксай, ул. Иксанова, 172А. 5 - Зеленовский район, село Мичурино, ул. Придорожная, строение 4/9. 6 - г. Уральск, ул. Гагарина 2/6. 7 - г. Уральск, ул. Есенжанова,40 А.
-2 C
Уральск
8.4 C
Аксай
Еще

    «Бастау Бизнес» жобасына барар едім, мені үйретсін тек!

    Ауылда өз ісіңізді бастағыңыз келеді, бірақ біліміңіз бен тәжірибеңіз жеткіліксіз бе? Мемлекет бұл мәселені қамқорлығына алып та қойды, мақсаты айқын жігерлі адамдарға кәсіпкерлік негіздеріне оқуға керемет мүмкіндіктер ұсынуда. Сонымен, БҚО кәсіпкерлер палатасы негізінде тұрақты түрде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасының бағыттарының бірі «Бастау Бизнес» бойынша тегін оқыту курсына жинау жүргізіліп жатыр. «Н» өз оқырмандарын ерекше жобаның өңірімізде жүзеге асырылуы туралы таныстыруын жалғастыруда.

    Бірегей жоба
    Естеріңе сала кетсек, «Бастау Бизнес» жобасы өз кәсібін ашқысы немесе кеңейткісі келген жұмыссыздарды және өзін-өзі қамтығандарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға бағытталған. Жобаның ерекшелігі сол, қатысушыларды жай оқытып қана қоймай, қаржыландыруды алғаннан кейін де бизнес жобаларын сүйемеледеуге бағытталғандығы. Бұл бағыт қолдауға көбірек мұқтаж ауыл тұрғындарын қамтиды. Бұл оқыту, кеңес беру, объектіге шығу, бизнес-жоспарын бірге құрастыру, сонымен қатар қаржы институттарынан («КазАгро» АҚ, «АШҚҚҚ» АҚ, «АКК» АҚ, «Даму» АҚ, ЕДБ және т.б.) қаржыландыру бойынша сүйемелдеу, оған қоса, бизнеске қажетті жер алуға қолдау көрсету рұқсат қағаздарын (лицензия, актілер және т.б.) дайындау барысында сүйемелдеу. Жобаның түпкі мақсаты ауылдық жерлерде жаңа бизнесті іске қосу болып табылады. Кейіннен жобаларды сүйемелдеумен жергілікті өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалы айналысады.
    БҚО Кәсіпкерлер палатасы хабарлауынша, «Атамекен» палатасы «Бизнес Бастау» бойынша оқудан өтуге жұмыссыздарды (Жұмыспен қамту орталығында тіркеуден өтусіз) және өз ісін ашқысы келетін өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, сонымен қатар істерін кеңейтуге мүдделі қазіргі кәсіпкерлерді шақырады. Бағдарламаға қатысу үшін қатысушылар тестілеуден өту қажет, соның нәтижесіне қарап оқыту топтары құрылады. Қызығушылық танытқан тұлғаларды Кәсіпкерлер палатасының аудандық бөлімшелеріне , сонымен қатар халықты жұмыспен қамту орталықтарына, ауылдық округ әкімдеріне барып, арыз бен анкета толтыру қажет. Өзімен бірге келесі құжаттар болу керек: жеке куәліктің көшірмесі, мекен-жай анықтамасы, жеке несие есебі.
    БҚО Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, оқу мерзімі бір айды құрайды. Бағдарлама қатысушыларына шәкіртақы төленеді және курс аяқталғаннан кейін сертификат беріледі. Айта кететіні, бұл жоба облыстың бес ауданында жүзеге асырылуда. Бұл Зеленов, Ақжайық, Теректі, Казталов және Жаңақала аудандары. Бұл аудандарда өз-өзін жұмыспен қамтушылар мен жұмыссыздар үлесінің ең жоғарғы (ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше) болуына байланысты таңдап алынды. Жоба бойынша қазіргі таңда бизнес-тренерлер оқудың тыңдаушыларының үшінші ағымын аяқтауда, ал ағынның барлығы алты болады. Бизнесті мемлекеттік қолдау аясында Кәсіпкерлер палатасы жылдың аяғында дейін бизнес негіздеріне 930 адамды оқытып, 180 шамасында жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі.

    Сәлеметсіз бе!
    Мен сіздің бизнес – тренеріңіз боламын!
    БҚО -да «Бизнес Бастау» жобасы енгізіліп жатқан бес ауданның бизнес-тренерлері «Н» -ға жобаға қатысып жатқан ауылдықтардың алғашқы жетістіктері туралы айтып берді. Ақжайық ауданы бойынша бизнес – тренер Әсемгүл ҚАДЫРХАННЫҢ айтуы бойынша, бұл аймақта жыл соңына дейін тыңдаушылардың алты тобын оқыту жоспарланып отыр.Алғашқы оқуға қатысуға 47 өтініштер берілген болатын, оның ішінде 34-і (32 жұмыссыздар болып табылады) тестілеу қорытындысы бойынша оқуға өту балын жинап, 19 қатысушы оқу курсын растайтын сертификаттарға ие болды. Екінші қатысушылар ағынында 72 өтініштер түскен болатын, 41-і (34-і жұмыссыздар) тесттен өтіп, 25 қатысушыға сертификаттар табысталды.
    — «Бастау Бизнес» жобасына қатысушылардың жасына келер болсақ, алғашқы екі тобында 12 адам болды – 17 жастан 29 жасқа дейіңгілер, 41 – 30-дан 49 жасқа дейіңгілер, 11-50-ден 57 жасқа дейіңгілер және екеуі – 57 жастан және одан үлкендері,- деп атап өтті Ә.Қадырхан.- Оқудың екі ағынын аяқтаған тыңдаушылары әзірге құжаттарды дайындау үстінде. Қолдау тапқан және қаржыландырылған жобалар әзірге жоқ.Оқып жатырғандардың 85%-ы мал шаруашылығы жобаларымен келеді, оның ішінде ірі қара мал шаруашылығы, ұсақ мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кіреді.
    Казталов ауданының бизнер-тренері – Динара СҮЙІНІШҚАЛИЕВАНЫҢ деректері бойынша оқудың бірінші ағынында 30 ауыл тұрғындары оқыды. Оның 15-і өздерінің бизнес -жобаларын дайындап, комиссия алдында қорғаса, 15-і болашақта жуық арада жобаларын жасауды жоспарлап отыр. Екінші ағында да 30 адам қатысты, оның 13-і бизнес-жобаларын дайындап, қорғап шықты.
    -Үшінші шілдеден оқудың үшінші ағыны басталды, қазіргі таңда аяқталып та қалды, -деп баяндады Д.Сүйінішқалиева. – Онда 32 адам оқытылуда, олардың көпшілігі мал шаруашылығын дамытуға несие алғылары келеді.
    Теректі ауданында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытудың бірінші және екінші ағынында 52 адам оқытылды. Бұл туралы бизнес-тренер Зухра ИДГЕЕВА айтып берді. Аталған сан көрсеткішінің ішінен бес жоба қолдау тапты, бірақ ауыл тұрғындары әлі несие алған жоқ.
    — «Бизнес Бастау» бойынша Теректіде жыл соңына дейін 188 адамды оқыту жоспарланып отыр деді З.Идгеева. Негізінен, адамдар ірі қара мал алу, мал шаруашылығы, бордақылау, аналық мал басын дамыту шаруашылық түрлерін жоспарлап отыр. Теректі ауданында аталмыш жобаның іске асуы айтарлықтай белсенді өтуде. Ауыл тұрғындары алғыр, дарынды. Оларды оқыту да жеңіл болып отыр. Әрине, оқыту барысында біз қаржылық сауаттылыққа баса назар аударуға тырысып отырмыз. Мысалға алсақ, ауыл тұрғындарының көпшілігі ҚР «Egov» электрондық үкіметі сайтын қолдануды білмейді, яғни осы портал арқылы түрлі анықтамалар алу мүмкіндігі барлығын, оның ішінде мекен жайы анықтамасын, зейнетақы қорынан көшірме немесе балаларының бала бақшадағы кезегін қарау сияқты мүмкіндіктері бар екендігін біле бермейді. Оқу аясында мемлекеттік сатып алу жүйесіне қатысуды үйренуге болады. Өз бизнесіңді ашу үшін мемлекет қазір жеңілдіктер қарастырып отыр. Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдаланып отырып, теректіліктерге үндеу салып, «Бизнес Бастау» жобасына оқуға шақырғым келеді. Оқуға жазылу үшін Федоровка ауылында орналасқан БҚО КП өңірлік филиалына келу қажет.

    Ауылдағы бизнес
    Теректі ауданының Жаңа өмір ауылының бастаушы кәсіпкері Байжан ИСЕЕВ 20 млн теңге көлемінде сомманы мал соятын орынның құрылысына алуды жоспарлап отыр. Ауыл тұрғыны айтып өткендей, 2015 жылы ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы мал басын көбейтуге несие алған. Сол уақытта трактор алуға және ірі қара малды өсіруге мүмкіндік туған.
    -Ал жақында Федоровка ауылында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиалында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өттім,- деп айтып берді Б.Исеев.- Бұл оқудың жаңа бастаушы кәсіпкерлерге қажеттілігі зор, берері мол пайдалы бағыт деп сендіре аламын. Оқуда біз 20 дан астам болдық, мұнда өмірлік тәжірибелері бар және алдын ала дайындалған бизнес-жоспарлары бар адамдар жиналды. Барлығымызға заң тұрғысынан және кеңес жағынан көмек қажет еді. Бұл оқу бізге берері көп болды. Мен, мысалға дайын жобаммен келген болатынмын. Көптен бері Жаңа өмір ауылында мал соятын орын салу ойымда жүрген. Ауданымыз ауыл шаруашылығына бейімделген, көпшілігі дерлік мал ұстайды. Өйткені, Қазақстан бойынша мал басының 90% -ы жеке аула шаруашылығында. Ветеринария заңы және Кедендік Кодекстің тәртібіне сәйкес жеке аула шаруашылығында мал союға тыйым алынған. Сондықтан, бұл жобаның біздің қазіргі заманымызда қажеттілігі зор. Біріншіден, халыққа мал сою бойынша қызмет көрсету болса, сондай-ақ, мал сою жұмыс барысының жаңаруы, бұл әрине тұтынушылардың сапалы ет өніміне сұранысының артуына әсер етеді.Сонымен қатар бұл табысқа жету және жаңа жұмыс орындарын ашу. Айтып кеткім келгені, аудандық әкімдік тарапынан жақсы көмек алдық. Одан басқа бізді оқуға шақырып, мал соятын орынның құрылысын салуға жерін жалға алу мәселесі шешілді. «Бастау Бизнес» жобасы аясында қарастырылған мемлекеттік қолдау жеңілдіктері арқасында кәсіпкер-ауылдықтар ауылдық елді мекендердегі кішігірім өндірістерін жаңадан бастай алады. Ал, менің жобама қомақты қаржы қажет ететіндігіне орай жеке өзім кепілдік мүлікпен қамтамасыз ете алмаған болар едім. Ал, Казагрогарант болса кепілдікті 85% -ға дейін кепілдендіре алады. Бұл дегеніміз, өз бизнес-бастауыңды жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік қой.
    «Н» өзінің өткен нөмірлерінің бірінде жазып өткендей «Бастау Бизнес» жобасы бизнес-тренер Қуанышбек ЕРНИЯЗОВ жасап жатқан Зеленов ауданында белсенді жүзеге асуда. Мысалға келтіріп өтсек, 62 жастағы Жамбыл ауылының тұрғыны Сауырғали ТҰҚАШЕВ осы жобаның арқасында кәсіпкерлік негіздеріне оқып қана қоймай, аула шаруашылығын кеңейтті. Ол ірі қара мал өсірумен айналысып келеді және ауыл тұрғыны жұмыссыз отырмау керек деп есептейді.Зеленов ауданының бизнес-тренерінің айтуы бойынша С.Тұқашев 10 жыл бойына Орал қаласына сүт өнімдерін тасымалдаумен айналысып келеді екен. Екі малдан жолдасы екеуі 30 литр сүт сауса, оған қоса көршілерінен 270 литр сүт алады екен. Айтпақшы, ауыл тұрғыны сүт тауарын жеткізу үшін ыдыс мәселесін де шешіп қойған. Теміржол вокзалынан бос баклажкаларды әкеледі, оларды поездан қабылдап алады. Ал, қазір Сауырғали Тұқашев жемдеуге төл сатып алуды жоспарлап отыр.


    Зеленов ауданыны «Бастау Бизнес» жобасы бойынша екінші ағынының қатысушысы Асан ауылының тұрғыны Асия ШАКМАНОВА өзінің шаштараз орнын ашты. Бұрын орынды жалға алып тұрған болса, қазіргі уақытта өзінің ғимаратында арнайы жабдықтар алып тек шаш қиюмен шектеліп қалмай Орал қаласындағы сән үйлеріндегідей басқа да косметологиялық қызметтер көрсетуді жоспарлап отыр.
    Айгүл ЖАКИЕВАНЫҢ жобасы тіпті керемет десе болады. Мичурино туған ауылында балалар кафесін ашып қана қоймай балалар көңіл көтеретін ойын-сауық кешенін жабдықтауды жоспарлап отыр.


    -Мичурино ауылындағы иесіз жатқан батпақты бөлігінде балалар паркі болады бұл өте қызықты жоба,- деп атап өтті бизнес-тренер Қуанышбек Ерниязов. – Бұл азаматша 20 жыл дүкенде зат сатқан, ал қазір осы керемет ойымен айналысуда. Парк болатын орынға жақын жерде мектеп және федьдшерлік-акушерлік орын бар, бұл өте ыңғайлы ғой. Жас аналарға балаларын қарауда қалдыратын жер болады. Айгүл ЖАКИЕВАНЫҢ педагогикалық мамандығы бар, сондықтан өз талғамына қарай кәсібін тапты десек те болады. Қазір «В гостях у Буратино» «Буратинода қонақта» атты балалар дәмханасын ашты. Балаларға ойын құрылғыларын орнатты, сонымен қатар балалар тауарлары әкелінеді, онда балаларға коктейль сусындары және бәліштер сатылады.Біз бұл жобаны кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Кәсіпкердің 12 сотық жері бар, онда балалар алаңы ойын кешенімен балалар паркі ретінде абаттандыру жоспарланып отыр. Қыс мезгілінде онда мұз айдынын жасап, мұз тауларын жасауға болады.Өйткені, ауыл елді мекендерінде балалар демалысын ұйымдастыру өзекті мәселе болып отыр.
    Мичурин ауылының тұрғыны Арген НҰРЖАНОВ өздігінен үйренген ағаш шебері. Бұл азамат ағаш және әйнектер қолдана отырып түрлі жиһаздар жасайды: ас уй жиһазы, жатын бөлме жиһазы, шкафтар және т.б. Тапсырыстары да баршылық, бірақ өзінің жабдықталған цехы болса қолайлы болып кетер еді. Ауыл тұрғыны «Бизнес Бастау» жобасы аясында оқып, мақсатын жүзеге асыруға жеңілдікпен несие алуды жоспарлап отыр.


    Достық ауылының тұрғыны «Бастау Бизнес» жобасының тағы бір қатысушысы Шукрат ЕСҚУАТОВ жуық араға дейін 10 жыл бойна жұмыссыз ретінде есепте тұрып келген. Ал, қазір «Бизнес Бастау» жобасы аясында оқудың арқасында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дамыту бағдарламасымен ірі қара мал өсіру мақсатында 3,7 млн теңге несие алды. Сонымен қатар ауыл тұрғыны қоғамдық монша ашып жатыр.

    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша туындаған барлық сұрақтарды кәсіпкерлер БҚО Кәсіпкерлер палатасына хабарласуға мүмкіндігі бар (БҚО КП Кәсіпкерлерге қаржылай емес көмек көрсету бөлімінің бастығы – М.М.Куланбаева, тел. 24-30-47, БҚО КП Кәсіпкерлерге қаржылай емес көмек көрсету бөлімінің сарапшысы – Шарафеддинова Н.Ш., тел. 24-28-99).
    «Бизнес Бастау» жобасының алғашқы қатысушылары өзінің сертификаттарын алды. Егерде олардың жобалары БҚО Кәсіпкерлер палатасынан қолдау алса, олар ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан, микрокредитті ұйымдардан және кредиттік серіктестіктерден жеңілдетілген несие алуға мүмкіндіктері бар. Кредиттеу жағдайы өте қызығарлықтай – қарыз жылдық 6 пайызбен беріледі.

    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың жүзеге асырылу механизмі:
    1. оқуға үміткерлер «Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқуға қатысу үшін кеңес алуға өңірлік кәсіпкерлер Палатасының аудандық филиалдарына (ӨКП)/Халықты жұмыспен қамту орталықтары/ ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне өтініш білдіріп қажетті құжаттарды ұсынады;
    2. ӨКП/ауылдық округ немесе елді мекен әкімі үміткерлердің өтініштері мен құжаттарын Халықты жұмыспен қамту орталығына тапсырады;
    3. Халықты жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің тізімін «Бастау Бизнес» жобасының арнаулы тобымен сәйкестігін тексеруді жүргізіп, үміткерлер тізімін ӨКП-ның аудандық филиалдарына тапсырады;
    4. Қаржылай қолдауға жатпайтын операторлар үміткерлердің тестілеуін жүргізеді, оқуға қатысушылардың тобын қалыптастырып, нәтижесі бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына мәлімдейді;
    5. Тестілеуден өтіп, оқуға жолданған үміткерлер «Бастау Бизнес» жобасына сәйкес оқуларын жалғастырады. Тестілеуден өте алмаған үміткерлер нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бірінші бағыты бойынша немесе басқа да бағдарламалар аясында кәсіпкерлік негіздерін оқу немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқулардан өтуге ұсынылады.
    «Бастау Бизнес» жобасын қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.

    Гауһар УМАРОВА


     
    Предыдущая статьяНе избежал ареста
    Следующая статьяРаздвижные межкомнатные двери
    Аватар
    Редакцияhttps://nadezhda.kz/
    Творческий коллектив газеты "Надежда"

    ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

    Оставьте ваш комментарий!
    Введите здесь свое имя

    Последние новости

    Ситуация по кори в ЗКО остается неблагополучной

    По словам заместителя руководителя департамента санитарно-эпидемиологического контроля ЗКО Нурлыбека...

    В ЗКО начнут штрафовать за продажу насвая

    В целях обеспечения принципа “Закон и Порядок” органы внутренних...

    Рекомендуем

    Ситуация по кори в ЗКО остается неблагополучной

    По словам заместителя руководителя департамента санитарно-эпидемиологического контроля ЗКО Нурлыбека...

    В ЗКО запланировано десятидневное торжество «Наурызнама»

    Каждый день посвящен определенной тематике, от благотворительных акций до...

    Похожие материалы!
    Рекомендуем

    Стань нашим папарацци!

    Для отправки информации заполните эту форму, пожалуйста

    Вы можете загрузить до 5 файлов.
    Максимальный допустимый размер файла 10MB.
    Пожалуйста, опишите отправляемый файл